"Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 78 қаулысы

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 145 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1)осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына жолдансын;

      2)осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімінің м. а. С. Төленбергенов

 

      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігі Су ресурстарын
реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды
реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су
инспекциясы" РММ басшысы
____________________ М. Жәдігер ұлы
2026 жылғы "_____" _____________
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігі Су ресурстарын
реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды
реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
су инспекциясы" РММ басшысы
____________________ С. Мейрамбеков
2026 жылғы "_____" _____________
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті" РММ басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
2026 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
2026 жылғы "_____" _____________

  Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы "14" мамырдағы
№ 78 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы "20" тамыздағы
№ 145 қаулысына
1-қосымша

Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар

№ р/с

Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы

Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары

Орналасқан жері

Аягөз ауданы

1.

Аягөз өзені

Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай
(47.94747, 80.41599)

Аягөз қаласы

Бесқарағай ауданы

2.

"Шошқалы" көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген
(51.28049,78.69898)

Қарабас ауылдық округі

Бородулиха ауданы

3.

Шүлбі су қоймасы

"Жанай" демалыс базасы
"Нұрсұлтан" демалыс базасы
(50 24 17.21, 81 04 23.84)
(50.402883 81.081762)

Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 км қашықтықта орналасқан

4.

Жерновский көлдері
 

"Адал" компания демалыс базасы
(50.49281, 81.10660)

Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 35 км таспалы реликті бордың тереңдігінде орналасқан

5.

Большое көлі

Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай
(50.754106 80.929241)

Бородулиха ауылы

6.

Ертіс өзенінің оң жағалауы Шүлбі су қоймасы

"Шығыстүстімет" демалыс орыны
(50.303430 81.580781)

Жерновка ауылдық округі

7.

Уба өзенінің Ертіс өзеніне құятын саласы

"Солнечный" балалар лагері
(50.181289, 81.345157)

Бородулиха ауданы
Краснояр ауылдық округі
Уба-Форпост ауылы

Мақаншы ауданы

8.

Алакөл көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген
(46.072873; 82.032487)
(46.068630, 82.033774)

Қабанбай ауылдық округі

9.

Алакөл көлі

"Дарабоз" балалар лагері
(46.08302475156757, 82.0284104347229)

Қабанбай ауылдық округі

10.

Алакөл көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген
(46.08753 82.02685)
(46.09144 82.02442)

Қабанбай ауылдық округі

Семей қаласы

11.

Ертіс өзені

"Заря" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген
(50.383777, 80.254869)

Бұрынғы понтон көпірінің сол жағалау бөлігі

12.

Ертіс өзені

"Пристань" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының шекараларында қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген
(50.425027, 80.218422)

Пристань ауданы

13.

Дамба

Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай
(50.439419, 80.214012)

Затон шағын ауданы

Курчатов қаласы

14.

Ертіс өзені

№ 2 қалалық жағажай
(50.750946, 78.557102)

№ 2 ЖОББМ,
№ 1 ЖОББМ ауданында

15.

Ертіс өзені

№ 3 қалалық жағажай
(50.721729, 78.649879)

Саяжай алабы ауданында

Көкпекті ауданы

16.

Көкпекті өзені

Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай
(48.76267, 82.378569)

Көкпекті ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады