"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 278 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 114-2), 114-3), 114-4), 114-5), 114-6), 114-7), 114-8), 114-9), 114-10), 114-11), 114-12), 114-13), 114-14), 114-15), 114-16), 114-17) және 114-18) жаңа тармақшалармен толықтырылсын:
"114-2) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тұқым шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
114-4) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-5) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукция тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-6) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
114-7) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен астық нарыңын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бірлесіп әзірлейді және бекітеді;
114-8) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-9) "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-10) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
114-11) астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
114-12) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын әзірлейді және бекiтеді;
114-13) астықты сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-14) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
114-15) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
114-16) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының), астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
114-17) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
114-18) мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;".
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 132-1 және 132-2-тармақтармен толықтырылсын:
"132-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
132-2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсуат ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |