ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесінде:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының |
|
| 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енетін электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесінің реттік нөмірі 8 және 9-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы министрі | |
| 2026 жылғы 29 қыркүйектегі | |
| № 656 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына қосымша |
Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі
№ | Тауардың атауы |
1 | 2 |
1. | Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі - СЭҚ ТН коды) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген биоотын |
2. | Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін және СЭҚ ТН кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі. |
3. | Өндірілуі мен айналымы "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін және СЭҚ ТН кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері |
4. | Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының 5) тармақшасына сәйкес СЭҚ ТН 2710122509; 2710123100; 2710127000; 2710129008; 2710192100; 2710195101; 2710195501; 2710196201; 2710196401; 2710196601; 2710196801; 2710203101; 2710203501; 2710203701; 2710203901; 2713200000; 2906210000 кодтары бойынша газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын |
5. | Өндірілуі мен айналымы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін СЭҚ ТН 2711121100; 2711121900; 2711129100; 2711129300; 2711129400; 2711129700; 2711131000; 2711133000; 2711139100; 2711139700 кодтары бойынша сұйытылған мұнай газы |
6. | Айналымы "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін СЭҚ ТН 2806100000; 2807000001; 2812170000; 2841610000; 2902300000; 2902900000; 2903690000; 2903998000; 2904200000; 2905392500; 2909110000; 2909309009; 2912210000; 2912490000; 2914110000; 2914120000; 2914310000; 2914390000; 2914500000; 2915210000; 2915240000; 2915907000; 2916120000; 2916140000; 2916340000; 2916391000; 2920901000; 2921110000; 2921199900; 2921301000; 2921490009; 2922197000; 2922430000; 2924230000; 2926400000; 2926909800; 2932110000; 2932209000; 2932910000; 2932920000; 2932930000; 2932940000; 2933320000; 2933330001; 2933340000; 2933350000; 2933360000; 2933370000; 2933399800; 2939420000; 2939430000; 2939440000; 2939490000; 2939610000; 2939620000; 2939630000 кодтары бойынша есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлар |
7. | "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қадағалануға жататын және СЭҚ ТН кодтары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген тауарлар |
8. | Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518-бабының 2-тармағына сәйкес бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесіне енгізілген және СЭҚ ТН кодтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 658 бұйрығымен бекітілген тауарлар |
9. | Азық-түлік қауіпсіздігі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін және СЭҚ ТН 1701991001; 1701991009; 1701999001; 2102103100 кодтары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері |