"Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 439 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер

РБ РБ ЖБ ЖБ

10 10 10 10

3 5 5 5

207 694 254 700

256 007 010 011

100 100 015 015

014

1. Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттаустанциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту және аббаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
6) көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну

1) табиғи кешендерді сақтау және дамыту;
2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізу;
4) аумақтарды тазарту және абаттандыру;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамыту;
6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетушілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеу;
7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеу;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеу;
9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
10) табиғат қорғау қызметімен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеу;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
14) табиғат музейлері мен көрмелерін ұйымдастыру және оларды күтіп ұстау;
15) рекреациялық аймақтарды дамыту және абаттандыру;
16) жарнамалық қызметті жетілдіру;
17) экологиялық насихаттау;
18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алу және жою (112, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421 және 431).

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, "Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығы (бұдан әрі – № 175 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36373 болып тіркелген).

РБ РБ ЖБ ЖБ

10 10 10 10

3 5 5 5

207 694 254 700

256 007 010 011

100 100 015 015

015

2. Шектеулі шаруашылық қызметінен, оның ішінде:
1) кәдесый өнімдерін өндіруден;
2) аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
3) жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
4) ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
5) шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістерден;
6) балық шабақтарын өсіруден;
7) жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден;
8) орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден) алынған табыстар

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ

10
10

5
3

694 207

007
256

100
100

016

Рәміздерді (эмблема мен Мемлекеттік Туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ
ЖБ

10
10
10

5
3
5

694 207
254

007
256
010

100
100
015

017

Баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ
ЖБ

10
10
10

5
3
5

694 207
254

007
256
010

100
100
015

018

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары, сондай-ақ гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражаты

Сол сияқты

Сол сияқты

      ";

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер

РБ

04

6

502

018

000

057

Қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде шетелдік азаматтары үшін әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтиханына дайындау)

1) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
2) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында шығыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар, сондай-ақ жабдықтар, техникалық оқыту құралдарын сатып алу;
4) докторанттардың ғылыми зерттеулерінің, диссертациялық зерттеулерінің жарияланымдарын дайындау және нәтижелерін жариялау;
5) ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, зерттеулерді орындау үшін қажетті ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар;
6) ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар (әдістемелік, практикалық ұсынымдар) әзірлеу, ведомстволық журналдардың макеттерін дайындау шеңберінде редактор, корректор, дизайнер, беттеуші (мемлекеттік және шет тілдеріне) қызметтеріне ақы төлеу;
7) зерттеу жүргізу үшін үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы жалға алу;
8) зерттеу процесінде пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтіп- ұстау;
9) барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын зерттеу тобы басшысының және мүшелерінің, ведомстволық журналдардың редакциялық алқалары мүшелерінің еңбегі үшін сыйақы;
10) ақылы негізде көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды іске асыру үшін тартылатын мамандарға еңбекақы, Академия қызметкерлеріне сыйақы төлеу;
11) ғылыми-білім беру іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізу, кофе-брейк ұйымдастырып, кәдесый, геральдикалық өнім, естелік сыйлықтарды қоса сатып алу;
12) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде банк қызметтеріне ақы төлеу;
13) оқу-материалдық базаны нығайту;
14) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру, оқыту тренингтерін, семинарларын өткізу;
15) Академияның оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарын, ведомстволық журналдарын басып шығару;
16) Академия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
17) "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысында белгіленген іс-сапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде іс-сапар шығыстары, оның ішінде халықаралық іс-сапар шығыстары;
18) бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындау;
19) ғылыми-білім беру іс-шараларына, жарыстарға, олимпиадаларға, оның ішінде халықаралық жарыстарға қатысушылардың тамақтануына арналған шығыстарды жабу;
20) көлік қызметтеріне ақы төлеу;
21) кітапхана қорларын толықтыру үшін электрондық коллекциялар мен дерекқорларды сатып алу;
22) ғылыми еңбектерді, құралдарды, ведомстволық журналдар макеттерін рецензиялау, түзету, редакторлық оқу бағыттары бойынша жұмсалады
(111, 112, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 153, 154, 157, 158, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419).

Білім туралы заңның 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17918 болып тіркелді).

РБ

04

6

502

018

000

058

Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

04

6

502

018

000

059

Оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

04

6

502

018

000

А28

Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетелдік азаматтары үшін

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

04

6

502

018

000

А29

Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің және өзге де іс-шаралардың материалдарын өткізу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды (оның ішінде онлайн өткізуді) ұйымдастыру, өткізу немесе осындай шараларға дәрісші ретінде қатысу

Сол сияқты

Сол сияқты

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады