Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағы және 89-бабының 1, 2, 3, 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік кірістер органының мынадай шешімдерінің нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімнің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешімнің нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығына 1-қосымша |
|
| нысан |
Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ
"____" __________ 20___жыл | № _______ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы
(Төраға орынбасары) атынан
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
(бұдан әрі – Аты-жөні)
___________________________________________________________________
шетелдік компанияның атауы (егер бар болса) көрсетіледі
| салық органында тіркеу есебіне қою туралы "____" ____________ 20___ жылғы №____ хабарлама |
| камералдық бақылау нәтижесінде анықталған алшақтықтар туралы "____" ____________ 20____ жылғы №____ хабарламаның талаптарын орындалмауына байланысты |
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағы және 89-бабының 1-4 тармақтарына сәйкес,
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу
енгізілсін
______________________________________________________________________
(интернет-ресурс және (немесе) интернет-алаңның атауы, домендік аты көрсетіледі)
______________________________________________________________________
(шетелдік компанияның атауы (бар болса))
2. Осы шешім масс-медиа саласындағы уәкілетті органға интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы тиісті шаралар қабылдау үшін жолдансын.
3. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызмет жүргізетін шетелдік компанияның интернет-ресурстарға және интеренет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шешімі келіп түскен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде шектеу енгізу жөніндегі шараларды қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Төрағасы (Төраға орынбасары) __________ Аты-жөніқолы
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығына 2-қосымша |
|
| нысан |
Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді жою туралы мемлекеттік кірістер органының ШЕШІМІ
"___" __________ 20____жыл | № _______ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасы (Төраға орынбасары) атынан _______________________________
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Аты-жөні)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
"__" _________ 20___ жылғы №_____ шешімімен шетелдік компанияның
Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге
асыруына байланысты енгізілген интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға
қолжетімділікті шектеудің себептері жойылуына байланысты және Қазақстан
Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағына және 89-бабының 5
және 6 тармақтарына сәйкес,
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
"__" ______ 20_____ жылғы №____ шешімімен енгізілген интернет-ресурстарға
қолжетімділікті шектеу күші жойылсын:
______________________________________________________________________
(интернет-ресурс және (немесе) интернет-алаңның атауы, домендік аты көрсетіледі)
_______________________________________________________________________
(шетелдік компанияның атауы (бар болса))
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді жою туралы шешімді масс-медиа саласындағы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдасын.
3. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы шешім келіп түскен күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеуді жою бойынша тиісті шараларды қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Төрағасы (Төраға орынбасары) __________ Аты-жөніқолы
