ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 134-бабы 3-тармағына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік;";
9-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бюджетін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар нысандардың толық көлемінде электрондық түрде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы ұсынады. Есепті беру күні оны АЖ арқылы беру күні болып есептеледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік қазынашылықта белгіленген мерзімде мемлекеттік қазынашылыққа жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мерзімі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 8 ақпанынан кешіктірілмей, ал жергілікті уәкілетті органдары үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 13 наурыздан кешіктірілмей белгіленеді.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi нысандардың толық көлемінде электрондық түрде ЦЖ арқылы ұсынады.";
үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары осы Қағидаларға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады.";
тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қазынашылық республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде – жергілікті бюджеттер бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.";
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйе арқылы есептілікті ұсынатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, қаржылық есептілікке есептілікте бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі интернет-порталда "Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 36007 болып тіркелген) сәйкес орналастырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей жариялануға жатады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті қалыптастыру тәртібі";
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау тәртібі";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Астананың, облыстардың бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бюджеті түсімдері бойынша қаржылық есептілігінің, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттi атқару туралы шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды.";
46, 47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Астананың, облыстардың бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерiнің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның АЖ қалыптастырылады.
47. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган астананың, облыстардың бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған бухгалтерлік баланс баптарының және осы Қағидалардың 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген қаржы қызметінің нәтижелері туралы, ақша қозғалысы туралы (тікелей әдіс) және таза активтердің/капиталдың өзгеруі туралы, бюджеттің атқарылуы туралы есептер көрсеткіштерінің сипаттамаларын басшылыққа алады.
48. Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұқсас баптарды жолма-жол қосу арқылы "Бюджеттi атқару жөнiндегi жылдық шоғырландырылған бухгалтерлік баланс" ЖШҚЕ-7 нысанының баптарын шоғырландыруды жүзеге асырады:
"Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары" бабы (жол коды 011), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша дебиторлық берешек сальдо сомасы алып тастауға жатады;
"Бюджеттiк төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек" бабы (жол коды 012), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық берешек сальдо сомасы алып тастауға жатады;
"Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" бабы (жол коды 013), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша алынуға тиiс сыйақылардың дебиторлық берешегінің сальдо сомасы алынып тасталуы тиіс;
"Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары" бабы (жол коды 110), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттердің дебиторлық берешегі сальдосының сомасы алынып тастауға жатады;
"Қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" бабы (жол коды 211), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер, есептелген сыйақылар және трансферттердің пайдаланылмаған сомасы бойынша бюджетке төлінетін кредиторлық берешек сальдосының сомасы алынып тастауға жатады;
"Ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек" бабы (жол коды 311) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша бюджетке төленетін кредиторлық берешек сальдосының сомасы алынып тастауға жатады.";
50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Астананың, облыстар бюджеттерінің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды.
51. Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша астананың, облыстар бюджеттерінің, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 30 наурыздан кешіктірмей астана, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті әкімдікке, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың уәкілетті органына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың тиісті органдарына ұсынады.
Астана, облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігі жыл сайын астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің атқарылуы туралы қосымшалары бар есепті қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілікті:
есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясына;
есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихатына ұсынады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Астананың бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру тәртібі";
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Астананың бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібі";
52, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Астананың бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджет түсімдері бойынша қаржылық есептілігі негізінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жасайды.
53. Астананың бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның АЖ-де қалыптастырылады.
54. Астананың бюджетін, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған бухгалтерлік баланс баптарының сипаттамаларын және Қағидалардың 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген бюджеттің атқарылуы туралы қаржы қызметінің нәтижелері туралы шоғырландырылған есептің, бюджеттің атқарылуы туралы ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есептің (тікелей әдіс) және осы бюджеттің атқарылуы туралы таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есептің көрсеткіштерін басшылыққа алады.
55. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары "Бюджеттi атқару жөнiндегi жылдық шоғырландырылған бухгалтерлік баланс" ЖШҚЕ-7 нысанының баптарын шоғырландыру ұқсас баптарды жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады: "Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар" баптары (жол коды 011) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша дебиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады;
"Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" баптары (жол коды 012) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады;
"Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" баптары (жол коды 013) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша алынуға тиісті сыйақылар бойынша дебиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады;
"Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" баптары (жол коды 110) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттердің дебиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады;
"Қысқа мерзімді кредиторлық берешек" баптары (жол коды 211) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша, есептелген сыйақылар бойынша және толық пайдаланылмаған сомаға трансферттер бойынша бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады;
"Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" баптары (жол коды 311) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешек сальдосының сомасы алып тастауға жатады.
56. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары "Қаржы қызметінің нәтижелері туралы жылдық шоғырландырылған есеп" ЖШҚЕ-8 нысанының баптарын шоғырландыру ұқсас баптарды жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады: "Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер" баптары (жол коды 010) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ағымдағы қызметті қаржыландыру бойынша айырбас емес операциялардан түсетін кірістер, күрделі салымдар, сыртқы қарыздарды қаржыландырудан түсетін кірістер, жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстар сомасына трансферттер бойынша кірістер сомасы;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептеген өткен жылдар трансферттерін қайтару бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар сомасына бюджетке түскен трансферттерді қайтару бойынша кірістер сомасы; ағымдағы жылы бөлінген пайдаланылған трансферттер сомасына жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке трансферттер түсімдерінің сомасын алып тастауға жатады;
"Айырбас операцияларынан алынатын кірістер" баптары (жол коды 020) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджетке салықтық емес түсімдерден, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістердің, негізгі капиталды өткізуден түсетін кірістердің, активтерді сатудан бюджетпен есеп айырысу бойынша есептелген шығыстар сомасымен мемлекеттің қаржылық активтерін өткізуден түсетін кірістердің, сондай-ақ активтерді басқарудан алынатын кірістер мен сомалары есепті кезеңде бюджет кірісіне аударуға жататын басқа да кірістер бойынша сомалар алып тастауға жатады;
"Активтерді басқарудан алынатын кірістер" баптары (жол коды 030) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджетке түскен төмен тұрған бюджеттің сыйақыларын төлеу жөніндегі шығыстар сомасына сыйақылар бойынша кірістер сомасы алып тастауға жатады;
"Өзге де операциялық шығыстар" баптары (жол коды 115) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік кредиттер, сыйақылар мен алынған трансферттердің толық пайдаланылмаған сомасына есептелген міндеттеме сомалары бойынша бюджетке төлемдер бойынша шығыстар сомасы;
ағымдағы қызметтерді қаржыландыруға және күрделі салымдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қаражат беру кезінде есептелген бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстар сомасы алып тастауға жатады;
"Субсидиялар, трансферттер" баптары (жол коды 122) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ағымдағы жылы пайдаланылған жоғары тұрған бюджеттен алынған трансферттер бойынша шығыстардың сомасы алып тастауға жатады;
"Активтерді басқару бойынша шығыстар" баптары (жол коды 130) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде алынған бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджетке сыйақы төлеу бойынша шығыстар сомасы алып тастауға жатады.
57. Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік көлемінде қалыптастырылады.
58. Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жасайды. Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба жасау тәртібі осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасын жасау тәртібіне ұқсас.
59. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 30 наурызынан кешіктірмей астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың тиісті аумақтық органдарына ұсынады.";
72-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
""е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ИАЦЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде ИААЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары бюджетке есептелген салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) талаптарына сәйкес операциялардың немесе оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі."
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және астананың бюджетіне, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың бюджетіне түсетін түсімдерді қоспағанда Жиынтық есептің және Еуразиялық экономикалық одақтың есептерінің деректері негізінде айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.
Астананың бюджетіне, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың бюджетіне салықтық түсімдер ИААЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің деректері негізінде айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жетпіс екінші, жетпіс үшінші және жетпіс сегізінші абзацтарын, сондай-ақ 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін тоғызыншы, он алтыншы, он жетінші, жетпісінші абзацтарды қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"10. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар нысандардың толық көлемінде электрондық түрде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЦЖ) арқылы ұсынады. Есепті беру күні оны ЦЖ арқылы беру күні болып есептеледі.";
осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"46. Астананың, облыстар бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетi атқару жөнiндегi жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ЦЖ қалыптастырылады.";
осы бұйрықтың 1-тармағының елуінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"53. Астананың бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ЦЖ-де қалыптастырылады.";
осы бұйрықтың 1-тармағының жетпіс бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде ИАЦЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары бюджетке есептелген салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.";
осы бұйрықтың 1-тармағының жетпіс алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"Астананың бюджетіне, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың бюджетіне салықтық түсімдер ИАЦЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің деректері негізінде айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.".
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
_____ жылғы "__" ________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*
Ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға** және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан "www.gov.kz/memleket/entities/minfin" Мемлекеттік органдардың интернет–ресурстарының бірыңғай платформасы интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп* (бұдан әрі – Жиынтық есеп)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЕ-1
Кезеңділік: жылдық
Есепті кезең: _____ жылғы "__" ___________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшілері
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі![]()
Жинау әдісі: электронды түрде
Бюджет түрі _______________________
Өлшем бірлігі: теңге
Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды | Бюджет сыныптамасы кодының атауы | Төлем түрі | Жыл басындағы сальдо | Есептелген салықтар (төлемдер) | Азайтылған салықтар (төлемдер) | Түскен (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер) | Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер) | Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы | Жылдың соңындағы сальдо | ||
салықтар (төлемдер) бойынша берешек | салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем | салықтар (төлемдер) бойынша берешек | салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны | |||||||||||
І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар | |||||||||||
салық | |||||||||||
өсімпұл | |||||||||||
айыппұл | |||||||||||
анықталмаған түсімдер | х | х | х | х | х | х | х | ||||
Жиыны | |||||||||||
II бөлім. Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар | |||||||||||
салық | |||||||||||
өсімпұл | х | х | х | х | х | х | х | ||||
айыппұл | х | х | х | х | х | х | х | ||||
анықталмаған түсімдер | х | х | х | х | х | х | х | ||||
Жиыны | |||||||||||
Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды.
**Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.
Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын, сондай-ақ заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына 1-қосымшаға сәйкес жасалады.
Шоттардың корреспонденцияларын көрсеткен кезде мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есепте көрсетілген сомалар Жиынтық есептен алып тасталады.
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын сату бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына 2-қосымшаға сәйкес жасалады.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерін жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына 3-қосымшада берілген.
Атауы ______________________ Мекенжайы _________________________________________________________ _________________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________
Орындаушы _________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанына 1-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардың жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп
Есепті күн:
Жыл басынан бастап кезеңділік:
Өңірдің атауы: ______________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) ______________________
Есепті қалыптастыру күні мен уақыты:
Өлшем бірлігі: теңге
Бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі - БСК) | Төлемдердің атауы | Төлем түрі | Жыл басындағы сальдо | Есептелген | Азайтылған | Түскен (есепке жатқызылған) | Қайтарылған | Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы | Жылдың соңындағы сальдо | ||
бересі (-) | артық төлем (+) | бересі (-) | артық төлем (+) | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (барлығы) | |||||||||||
Банкрот деп танылған салық төлеушілердің жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша | |||||||||||
БСК бойынша жиыны | |||||||||||
Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған салық төлеушілердің және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша | |||||||||||
БСК бойынша жиыны | |||||||||||
___________________________________ __________________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанына 2-қосымша |
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп
теңге
Бюджеттік сыныптама коды | Есепті кезең үшін қайтаруға жатады | Қайтарылды |
Жиыны |
_________________________________ ____________________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы ___________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанына 3-қосымша |
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (ЖЕ-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны, "Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37255 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.
3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.
Жиынтық есеп есепті жасау күніне салық төлеушілердің дербес шоттарында көрсетілген барлық жазбалар ескеріле отырып қалыптастырылады.
4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.
2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме
5. Жиынтық есептің І "Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
6. Жиынтық есептің ІІ "Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.
7. Жиынтық есептің 1-бағанында бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.
9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.
10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.
12. Жиынтық есептің 6-бағанында тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілім негізінде есептелген салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.
13. Жиынтық есептің 7-бағанында уәкілетті Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша азайтылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілімнің, тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары негізінде азайтылған салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша азайтылған салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.
14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жыл үшін төленген салықтардың (төлемдердің) сомалары және осы салықтарға (төлемдерге) есептелген республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органнан алынған деректер көрсетіледі.
15. Жиынтық есептің 9-бағанында бюджеттен қайтарылған және басқа салықтарға (төлемдерге) және басқа мемлекеттік кіріс органдарына есептелген жылдағы сомалары бойынша республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органан алынған деректер көрсетіледі.
16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.
17. Жиынтық есептің 10-бағанында салықты (төлемді) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгертілген сомалар және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) өтеу кестесі бойынша сомалар көрсетіледі.
18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.
19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.
20. Жиынтық есепке 1-қосымшада банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің есептелген, азайтылған, келіп түскен (есепке жатқызылған) және қайтарылған сомалары, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қабылдаған берешегі көрсетіледі
21. Жиынтық есепке 2-қосымшада нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуіне негізделген қайтарылуға жататын сомалар, сондай-ақ салықтардың басқа түрлері бойынша нақты қайтару сомалары көрсетіледі.
22. Мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелері:
1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;
2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;
3) бересі мен артық төлемнің пайда болу себептері;
4) Жиынтық есептің салықтары бойынша берешекке енгізілген бересі сомасы себептеріне талдауды жүзеге асырады.
Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.
