Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 345 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.06.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:

      420-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "420. Құрылысқа байланысты бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде бас мердігердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алумен байланысты төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бас мердігердің № 208 қаулыда белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдықтары шегінде келесі шарттар сақталған кезде жүргізіледі:

      1) бас мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыруы үшін төлем сертификаты ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады), электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады;

      2) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша үстеме шығыстарды төлеуді қоспағанда, бас мердігердің мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан оның екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарына үстеме шығыстарды төлеуіне жол берілмейді.

      2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың бақылау-қолма-қол ақша шотынан бас мердігердің үстеме шығыстарды төлеуі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы және төлем сертификаты негізінде екінші деңгейдегі банктерде ашылған оның шоттарына жүзеге асырылады;

      3) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ағымдағы шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, бас мердігердің меншікті қаражаты есебінен мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған бас мердігердің шоттарына жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеуге жол берілмейді.

      Бас мердігердің 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде төлем тапсырмасын қалыптастыруы жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады) жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванстық төлем шарттары болмаған кезде ғана мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшасының бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктегі бас мердігердің шоттарына өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеуге жол беріледі;

      4) қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға олардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы немесе жинақ шоттарына, міндетті зейнетақы жарналарына, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік жарналарға, ерікті зейнетақы жарналарына және әлеуметтік аударымдарға, міндетті зейнетақы жарналарына және (немесе) жарналарына басқа да төлемдерді аудару бойынша төлемдер жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша төлемдер төлем тапсырмасының электрондық кескініне төлем сертификаты және осы Қағидаларға 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес төлемдердің электрондық форматындағы ақша алушылардың тізімдері бекітіледі және бас мердігер мен бухгалтердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады;

      5) бас мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуі төлем тапсырмасы мен төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

      6) бас мердігердің (консорциумның негізгі қатысушысының) мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосалқы мердігерлердің (консорциумның қатысушыларының) және (немесе) өнім берушілердің шоттарына аванстық (алдын ала) төлемді аударуы төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

      7) аванстық төлемдерді мемлекеттік сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан жүргізу кезінде бас мердігер контрагенттермен жасалған барлық шарттардың (жеткізуші, қосалқы мердігер) көшірмелерін ұсынуы тиіс, олар шарт (қосымша келісім) шеңберінде қазынашылық сүйемелдеуге жатады.

      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алудың бақылау қолма-қол шотынан бас мердігердің контрагенттер тізіміне енгізілмеген контрагенттер (жеткізуші, қосалқы мердігер) пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуіне тыйым салынады;

      8) бас мердігерлер осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді;

      9) бас мердігер төлем тапсырмасын толтырған кезде "Төлемнің мақсаты" жолында төлемнің мақсаты, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған шарттың нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетеді.".

      2. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бір жүз жиырма екінші, бір жүз жиырма үшінші, екі жүз қырқыншы, екі жүз қырық үшінші, екі жүз қырық бесінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз елу алтыншы, екі жүз елу жетінші және үш жүз бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады