"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 207 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдері, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдері:

      мынадай мазмұндағы 406-1-тармақпен толықтырылсын:

      "406-1. Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бюджеттен алынған және инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланылған қаражат қалдықтары болған жағдайда, сондай-ақ олар бойынша он екі ай ішінде ақша қаражатының қозғалысы болмаған кезде, мемлекеттік қазынашылық органдары бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру аяқталған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей пайдаланылмаған қалдықтардың бар екені туралы жазбаша хабарламаны Республикалық бюджет комиссиясында және/немесе астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясында қарау және тиісті бюджет кірісіне қаражат қалдықтарын аудару туралы шешім қабылдау үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған шешімді бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға жауапты бюджет бағдарламаларының әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі тарапынан қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарын тиісті бюджет кірісіне аудару бойынша шаралар қабылдау үшін жібереді.";

      435-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "435. Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін өтеусіз және қайтарымды негізде уақытша бос бюджет ақшасын тартуды мемлекеттік қазынашылық мыналардың:

      осы Рәсімдерге 114-қосымшаға сәйкес тиісті жергілікті бюджеттердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма қол ақшаны бақылау шоттарынан өтеусіз және қайтарымды негізде уақытша бос бюджет ақшасын тартуға жасалған Бас келісім;

      осы Рәсімдерге 115-қосымшаға сәйкес уақытша бос бюджет ақшасын тартуға хабарлама негізінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін өтеусіз және қайтарымды негізде үш жұмыс күніне дейінгі кезеңге уақытша бос бюджет ақшасын тартуды мемлекеттік қазынашылық осы Рәсімдерге 114-қосымшаға сәйкес Бас келісім жасаспай, осы Рәсімдерге 115-қосымшаға сәйкес уақытша бос бюджет ақшасын тарту туралы хабарлама негізінде жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Біржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады