"Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 105 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер

РБ

03

5

410

003

000

051

Ғылыми зерттеулерді жүргізу

Гранттық қаржыландыру қаражаты Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419).
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады. Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419).

Білім туралы заңның 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген).

РБ

03

5

410

003

000

075

Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

1) шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;
2) қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
3) әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
4) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
5) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, кәсіби білім беруді ұйымдастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу үшін тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
6) оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды басып шығаруға;
7) ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
8) тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;
9) электрондық ақпараттық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;
10) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
11) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;
12) кәдесый өнімдерін сатып алуға;
13) оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;
14) білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;
15) көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;
17) байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
18) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге;
19) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу шеңберінде кофе-брейктерді ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне ақы төлеуге;
20) қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін тартылатын мамандардың (оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының кадр құрамы қатарынан) қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады (116, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 157, 158, 159, 161, 162, 169, 413, 414, 416 және 419).

Сол сияқты

РБ

03

5

410

003

000

052

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу.

Сол сияқты

Сол сияқты

      ";

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-медициналық бөлімшелері ұсынатын қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-медициналық бөлімшелері ұсынатын қызметтер

РБ

03

5

410

003

000

074

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтер

1) клиникалық хаттамаларға және тиісті жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, шығыс материалдарын, сондай-ақ дәрі қобдишаларын, арнайы емдік өнімдерді сатып алу (қамтамасыз ету);
2) № 128 қаулыға сәйкес пациенттерді тамақтандыру және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау;
3) Еңбек кодексіне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеу;
5) басқа да шығыстар, оның ішінде Ақпараттандыру туралы заңның 1-бабының 44-тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайларды жалға алу, кеңсе, шаруашылық тауарларын және жанар-жағармай материалдарын, өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), оның ішінде ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету, медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеу;
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 10-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құрастыратын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес 169 "Өзге де ағымдағы шығындар" ерекшелігі бойынша шығындар (тұрақсыздық айыбы, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, басқа да ерекшеліктер бойынша жіктелмеген өзге да шығыстар) (141, 142, 144, 149, 151, 152, 154, 158, 159, 161, 165 және 169).

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағы және "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету қызметтерін іске асыру бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың өздерінің иелігінде қалатын қызметтерді іске асырудан түсетін ақшаларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 126/қбп бұйрығы.

      ";

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық бөлімшелері ұсынатын қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері ұсынатын қызметтер

РБ

03

5

681

003

000

072

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтер

1) клиникалық хаттамаларға және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу (қамтамасыз ету);
2) пациенттерді тамақтандыру және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау;
3) кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеу;
5) өзге шығыстарды, оның ішінде интернетті қоса алғандағы байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе, шаруашылық және жанар-жағармай тауарларын, басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), сервистік қызмет көрсету, банк қызметтері;
6) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге (медициналық қызметтер кешеніне) арналған тарифтерді әзірлеу, қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарында көзделген жағдайларда негізгі құралдарды жаңарту (141, 142, 144, 149, 151, 152, 154, 158, 159, 161, 165, 169, 414, 416 және 419).

"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабы, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін сату жөніндегі қызметті көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді сатудан түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2019 жылғы 2 қазандағы № 11-240 қбп бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19525 болып тіркелген).

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады