"Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 98 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 786 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 209-жолда орыс тілінде өзгеріс еңгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады