"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 45 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елушінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру;

      салықтық әкімшілендіру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдану;

      салық мәдениетін арттыруға және салық тәртібін күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;";

      15-тармақта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;";

      1-2) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санатын әзірлеу;

      20-2) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау операторын айқындау;

      20-3) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесін әзірлеу;

      25) деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2), 25-3) 25-4) және 25-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) деңгейлес мониторингке қатысу үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу;

      25-2) салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу;

      25-3) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарды әзірлеу;

      25-4) деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

      25-5) деңгейлес мониторингпен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені айқындау;";

      26) тармақша алып тасталсын;

      29) тармақша алып тасталсын;

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну әзірлеу;";

      31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31‑1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсынудың, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 31-6), 31-7) және 31-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31-6) салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындау;

      31-7) мемлекеттік кірістер органының салықтық тексеруді жүргізу туралы шешімін қабылдау тәртібі мен негізін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің тұрған жері бойынша шығару тәртібін әзірлеу;

      31-8) қарсы салықтық тексеру тағайындау тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-1) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 34-3) және 34-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-3) салық төлеушінің паспортындағы мәліметтердің тізбесін, оны қалыптастыру және интернет-ресурста орналастыру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      34-4) салық төлеушілерді салықтық тіркеу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 37-1), 37-2) және 37-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "37-1) салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау;

      37-2) мемлекеттік кірістер органының банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу;

      37-3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін мемлекеттік кірістер органының мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу;";

      44) және 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу;

      45) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін мемлекеттік баж және алым сомасын бюджетке төлеу бойынша қатаң есептілік бланкілерінің нысанын әзірлеу;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша банктік ұйымдардың банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "54-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның), резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін айқындау тәртібін, Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есепке жазу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 58-1), 58-2) 58-3), 58-4, 58-5) 58-6), 58-7), 58-8), 58-9) және 58-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "58-1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік кірістер органына қаржы және төлем ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, қызметін "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін әзірлеу;

      58-2) банк және төлем ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, бір тоқсандағы төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын әзірлеу;

      58-3) цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу;

      58-4) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтердің тізбесі мен нысандарын әзірлеу;

      58-5) өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтердің нысанын әзірлеу;

      58-6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мемлекеттік кірістер органына жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын әзірлеу;

      58-7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын, оларды ұсыну тәртібін және мерзімін әзірлеу;

      58-8) қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ұсынатын краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтердің нысанын және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу;

      58-9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен алынған мәліметтердің нысандарын және осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін әзірлеу;

      58-10) көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары мемлекеттік кірістер органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "59-1) салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу;";

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ нысандарын, ресімдеу тәртібін және олардың құжат айналымын әзірлеу;";

      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "66-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін әзірлеу;";

      67) тармақша алып тасталсын;

      72), 73) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын, фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректер операторларының тізбесін белгілеу;

      73) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін әзірлеу;

      74) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібін және оны қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 127-1), 127-2), 127-3) және 127-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "127-1) автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;

      127-2) кеден органдарында мобильді топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандырылуы тәртібін әзірлеу;

      127-3) көлік құралын тоқтату туралы талаптың, автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптың, сондай-ақ автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актінің нысандарын және оны толтыру тәртібін әзірлеу;

      127-4) кеден органдарының лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 309-3) және 309-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "309-3) қаржы басқарушысына сыйақы төлеу қағидаларын бекіту;

      309-4) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысанын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 348-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "348-3) салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін, қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттарын әзірлеу";

      мынадай мазмұндағы 372-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "372-4) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары тізілімінің нысанын, оны жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 373-8), 373-9), 373-10), 373-11), 373-12), 373-13), 373-14), 373-15), 373-16), 373-17), 373-18), 373-19), 373-20), 373-21), 373-22), 373-23), 373-24), 373-25), 373-26), 373-27), 373-28), 373-29), 373-30), 373-31), 373-32 және 373-33) тармақшалармен толықтырылсын:

      "373-8) бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төмен деңгейін айқындау тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;

      373-9) мемлекеттік кірістер органының сервистік тобы туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      373-10) қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;

      373-11) интернет-алаң иелерінің Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну нысанын және тәртібін әзірлеу;

      373-12) мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысанын әзірлеу;

      373-13) тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысанын, оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      373-14) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабарлама мен мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру тәртібін әзірлеу;

      373-15) дипломатиялық өкілдіктің жиынтық ведомосының нысанын әзірлеу;

      373-16) пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін әзірлеу;

      373-17) тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын, сондай – ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін белгілеу;

      373-18) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарттарын, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеменің нысанын, оны ұсыну және орындау тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      373-19) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      373-20) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;

      373-21) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну тәртібін әзірлеу;

      373-22) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      373-23) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу тәртібін айқындау;

      373-24) резиденттікті растау тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      373-25) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгізу;

      373-26) жұмылдыру дайындығын жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысу, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігіне бағалау жүргізу;

      373-27) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсыну;

      373-28) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      373-29) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;

      373-30) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      373-31) Комитетке бекітіп берілген салаларда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      373-32) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;

      373-33) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады