Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават ауылының солтүстіктен-оңтүстікке қарай бірінші көшеге-Тәуелсіздік көшесі; батыстан-шығысқа қарай бірінші көшеге-Әмәт Бәкиев көшесі, төртінші көшеге-Бейбітшілік көшесі, бесінші көшеге-Жүсіп Баласағұн көшесі, жетінші көшеге-Изим Искандеров көшесі, тоғызыншы көшеге-Махмұд Қашқари көшесі, он бірінші көшеге –Әл-Фараби көшесі деп аталсын
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ават ауылдық округінің әкімі | Г.Кадиров |
