Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы" бірлескен Талғар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 55-231 шешіміне және Талғар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 03-71 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында:
1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызыл Қайрат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 660,8000 гектар болып белгіленсін;";
1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Рысқұлов ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 360,1000 гектар болып белгіленсін;";
4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірлік ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 445,4000 гектар болып белгіленсін;";
5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кіші Байсерке ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 474,4000 гектар болып белгіленсін;";
5) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңа Қуат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 502,5000 гектар болып белгіленсін;";
1-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
6) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңалық ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 774,7974 гектар болып белгіленсін;";
8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұра ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 1624,2000 гектар болып белгіленсін;";
9) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Панфилов ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 1462,6000 гектар болып белгіленсін;".
2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |
| Талғар ауданының әкімі | Т. Айдарбеков |
