Ащыбұлақ ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ащыбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ащыбұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) М.Түймебаев ауылындағы:"Атауы жоқ" көше – "Құлымбаев Шолпанқұл" көшесіне, "Атауы жоқ" көше - "Амандаев Абу" көшесіне, "Атауы жоқ" көше -"Сембаев Жәкіш" көшесіне, "Озерная" көшесі – "Балқаш" көшесіне, "Первомайская" көшесі – "Бурабай" көшесіне;

      2) Көкқайнар ауылындағы:"Новобережная" көшесі – "Ордабасы" көшесіне,"Молодежная" көшесі – "Хантау" көшесіне, "Цветочная" көшесі – "Жерұйық" көшесіне, "Банная" көшесі – "Омбы" көшесіне;

      3) Төле би ауылындағы: "Набережная" көшесі – "Киелібұлақ" көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б.Қасымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады