Қонаев қаласының мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы "Қонаев қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-38 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 62-212 шешімі

      Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қонаев қаласының мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы "Қонаев қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 11-38 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6047-05 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      4, 5 және 6 – тармақтар жаңа редакцияда жызылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Қонаев қаласының маслихаты белгілейді:

      1) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні;

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні және де Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні.

      Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.

      Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.

      6. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен айқындалады және Қонаев қаласы мәслихатымен бекітіледі.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

      4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

      Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан жылжымайтын жылжымайтын мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті Қонаев қаласы мәслихатымен бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті Қонаев қаласы мәслихатымен бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақ жаңа редакцияда жызылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жылына бір рет көрсетіледі, атап айтқанда:

      1) табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табыс шекті деңгейден аспайтын, Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең бір реттік сома негізінде:

      оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;"

      2) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табыс шекті деңгейден аспайтын, Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең бір реттік сома негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі".;

      10-1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      10-1- тармақтың 4) тармақшасы "коммуналдық қызметтерді төлеуге" деген сөздерімен толықтырылсын";

      12 – тармақ жаңа редакцияда жызылсын:

      "12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) жазбаша түрде "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне немесе ауылдық округ әкіміне, немесе мемлекеттік корпорацияға осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді, немесе осы қағиданың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті портал арқылы электрондық түрде береді.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті АЖ осы қағиданың 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.

      АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:

      дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы қағиданың 1-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.";

      22 және 23 – тармақтар жаңа редакцияда жызылсын:

      "22. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Қонаев қаланың бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.

      23. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;

      3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

      5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіздердің жойылғаны туралы мәліметтер анықталғанда.

      Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.";

      28 және 29 – тармақтар жаңа редакцияда жызылсын:

      "28. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімі негізінде мемлекеттік корпорация:

      біржолғы төлемдер бойынша күн сайын;

      ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.

      29. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.

      Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясынажүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласы маслихаты төрағасының м.а. А. Ракишева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады