Алматы облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 53-314 шешімі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 628-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Мәслихат төрағасы м.а. М. Бигелдиев

  Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 53-314 шешіміне қосымша

Алматы облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

2026 жылға төлемақы мөлшерлемелері, теңге

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

1.

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 есептегенде текше метр

57,52

2.

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

теңге/1000 есептегенде текше метр

172,57

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

17,26

4.

Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/ 1000 есептегенде текше метр

17,26

5.

Гидроэнергетика

теңге /1000 кВт.сағат

402,66

6.

Су көлігі

теңге/1000 т.шақырым

86,28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады