"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектігі бар балаларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
3. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысы әкімінің м.а. | Қ. Есболатов |
