"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің,"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 25.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;"

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 43), 44) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "43) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларды аттестаттау, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімде (тізілімдеріне) тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу;

      44) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссияның, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның, Қазақстан Республикасында тауар таңбасын жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде тану жөніндегі комиссияның ережелерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) Министрліктің веб-ресурстарды азаматтардың өтініштеріне сүйене отырып толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;";

      63), 64), 65), 66), 67), 68) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырсын:

      "63) құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      64) Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару қағидаларын әзірлеу;

      65) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы туралы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымының шығыстарын өтеуге бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді Бірыңғай цифрлық платформаға енгізудің қағидалары мен нысанын әзірлеу;

      66) тауар таңбасын немесе тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын белгіні Қазақстан Республикасында жалпыға белгілі тауар белгісі ретінде тану қағидаларын әзірлеу;

      67) Патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне берілген шағымдарды қарау қағидаларын әзірлеу;

      68) зияткерлік меншік саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет Регламентін айқындайды және бекітеді;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;

      7) Комитеттің мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің тәртіптік теріс қылығы туралы мәліметтерді Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;

      8) Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      9) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша қызметтік жазбалар жолдайды;

      10) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;

      11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында Комитет атынан өкілдік етеді;

      12) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      13) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;

      14) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға шағымдар мен талап қою туралы шешімдер қабылдайды;

      15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      16) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы директорының ұсынуы бойынша оның орынбасарларын тағайындайды және қызметтен босатады;

      17) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын, оған енгізілетін нақтылауларды, оның орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ жылдық қаржылық есептілікті қарайды, келіседі және бекітеді;

      18) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      19) Министрлік Аппаратының басшысымен келісу арқылы Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының директоры, оның орынбасарлары мен бас бухгалтеріне арналған жыл сайынғы еңбекақы қорының мөлшерін, лауазымдық жалақы мөлшерін, сондай-ақ сыйлықақы мен өзге де сыйақы жүйесін айқындайды;

      20) өз құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Министрліктің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15- тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:

      "57) Министрліктің веб-ресурстарды азаматтардың өтініштеріне сүйене отырып толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      18) мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады және өзге де міндеттерді орындайды.

      Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.";

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1), 7-1), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) нормативтік құқықтық актілердің орындалуын іске асыру және бақылау;";

      "7-1) азаматтардың өтініштері негізінде Министрліктің веб-ресурстарын толықтыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;";

      "8-1) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгіну;";

      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;";

      95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;";

      104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "104) Комитеттің құзыреті шегінде заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 110-1), 110-2), 110-3), 110-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "110-1) өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу;

      110-2) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;

      110-3) заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарының қатысу тәртібін әзірлеу;

      110-4) туу туралы куәліктің үлгісін, оны рәсімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын әзірлеу;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) Министрліктің Аппарат басшысына өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынымдар енгізеді;

      3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет Регламентін айқындайды және бекітеді;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін бұйрықтарға қол қояды, нұсқаулар береді;

      7) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне Комитеттің әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің тәртіптік теріс қылығы туралы мәліметтерді жібереді;

      8) Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      9) Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қызметкерлерді іссапарға жіберу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша қызметтік жазбалар жібереді;

      10) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      12) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      13) Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасайды;

      14) заңнамаға сәйкес Комитет атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап қоюлар беру туралы шешімдер қабылдайды;

      15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      16) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Министрліктің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы, Мәжбүрлеп орындату, Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың электронды көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Сәрсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады