Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптары, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 2 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі Әлия ауылындағы атауы жоқ көшеге "Бағдәулет Өрбісінов" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұлақ ауылдық округінің әкімі С. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады