"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптары, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 2 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі Әлия ауылындағы атауы жоқ көшеге "Бағдәулет Өрбісінов" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Матаев |