Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына 33-бабы, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қобда ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 18 наурызындағы № 1 хаттамасына сәйкес, Қобда ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 1 "Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179078 болып тіркелген) және 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 "Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194866 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | І. Тынымгереев |
