Байғанин ауданы әкімінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 02 шешімі

      Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы әкімінің "Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      № 211 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 211 сайлау учаскесі

      Жаңатаң ауылы, Қаратас көшесі, № 4, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С. Ешбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Жаңатаң ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А. Купенов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Байғанин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады