Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 179 қаулысы және Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 418 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 12 маусымдағы қорытындысына сәйкес Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшеге Жабас Ізбасов есімі берілсін.

      2. Осы бірлескен Алға ауданы әкімдігінің қаулысы және Алға аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алға ауданы әкімдігінің қаулысы және Алға аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі А. Шуиншалиев
      Алға аудандық мәслихатының төрағасы М. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады