Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.";
Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларына 2-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |
| Облыстық мәслихаттың шешіміне 2026 жылғы 31 наурыздағы № 318 шешіміне қосымша |
|
| Ақтөбе облысының елді мекемендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі
20__жылғы "___"___________
Р/с № | Жасыл екпелердің табиғи құрамы | Сақталады | Кесуге рұқсат | Рұқсатсыз кесу | ||||||
дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | ||||||||||
2 | ||||||||||
Барлығы: | ||||||||||
Қорытынды | ||||||||||
кестенің жалғасы
Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) | Санитариялық кесу | Сапалық(нақты жай-күйі | Залалды өтеу мөлшері, бірлік | Залалды өтеу мөлшері бойынша залалдың сомасы | Өтемдік қалпына келтіру, дана | ||||
дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | айлық есептік көрсеткіш | теңге | ||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Осы акт _______ данада жасалды.
Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.
Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ___________________________ қолы (Т.А.Ә.)
Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________________ қолы (Т.А.Ә.)
(мөрі бар болса)
