"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы, Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 376 бұйрығы

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарың бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 83956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсің:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Басқару академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:

      8-тармаққа қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Білім беру бағдарламалары күндізгі оқыту, нысаны бойынша іске асырылады. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануға жол беріледі.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Күндізгі оқыту нысаны бойынша және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын Академияның Ғылыми кеңесі бекітеді.";

      7-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      9-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      10-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      10 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Академияда білім алушыларды оқудан шығару негіздері мен тәртібі";

      11-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Академияның ақылы қызметтер көрсетуінің тізбесі мен тәртібі";

      12-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Академияның ғылыми және халықаралық қызметі";

      13-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Академия мүлкін құру тәртібі";

      14-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Академиядағы жұмыс режимі";

      15-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Академия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі";

      16-тараудың тақырыбына қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Академияны қайта ұйымдастыру және тарату шарттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Білім беру бағдарламалары күндізгі оқыту нысаны бойынша іске асырылады. Заңнамада көзделген жағдайларда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануға жол беріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Күндізгі оқыту нысаны бойынша және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын Академияның Ғылыми кеңесі бекітеді.";

      71-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Білім беру бағдарламалары күндізгі оқыту нысаны бойынша іске асырылады. Заңнамада көзделген жағдайларда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануға жол беріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Күндізгі оқыту нысаны бойынша және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын Академияның Ғылыми кеңесі бекітеді.";

      71-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Білім беру бағдарламалары күндізгі оқыту нысаны бойынша іске асырылады. Заңнамада көзделген жағдайларда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануға жол беріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Күндізгі оқыту нысаны бойынша және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын Академияның Ғылыми кеңесі бекітеді";

      71-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Білім беру бағдарламалары күндізгі оқыту нысаны бойынша іске асырылады. Заңнамада көзделген жағдайларда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануға жол беріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Күндізгі оқыту нысаны бойынша және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихан сессияларын, олардың оқу жылындағы кезеңдері мен санын Институтының Ғылыми кеңесі бекітеді";

      71-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының бастықтары аталған өзгерістердің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында жарғыларға тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады