БҰЙРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларында:
53-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Дәрістерді оқу, дипломдық жұмыстарға (жобаларға) ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау үшін білім алушыларға кафедра бастықтары, кафедра бастығының орынбасарлары, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, (сондай-ақ практикалық жұмыс тәжірибесі және бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық өтілі бар) оқытушылар тартылады.
Оқытушыларды дәріс оқуға жіберу тәртібін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі белгілейді.
Дәрістер оқуға және оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар, оның ішінде бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар Орталық аппарат мен аумақтық бөліністерінің ІІО қызметкерлері тартылады.
Аталған санаттағы адамдарды сабақ өткізуге тарту ЖОО басшылығы бекітетін кестеге сәйкес жүзеге асырылады.";
70 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы шеңберінде магистрант пен докторанттың жеке жұмыс жоспарында ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда, оның ішінде Орталық аппаратта және ІІО аумақтық бөлімшелерінде ғылыми тағылымдамадан өту көзделген.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрық қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың іске орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
