"Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 15 қаулысы

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі ұйымдарында келесі жекелеген санаттағы балаларға тамақтану құнының 100% мөлшерінде тамақтандыру ұйымдастырылсын:

      жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      мүгедектігі бар балаларға;

      атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.".

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады