Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № А-1/46 қаулысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. А. Керімбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Шабаров

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "____"_______________
№__________ қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

№ п/п

Тұрғын үй мекенжайы

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері, теңге (бір шаршы метр айына)

1

Шортанды ауданы, Научный кенті, Александр Бараев көшесі, 14 үй, 11 пәтер (кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)

198


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады