"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 211793 болып тіркелген) 228 тармағына сәйкес, Целиноград ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. "Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № А-2/301 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6052 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Толқынбекке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Д. Сабырғали |
| Целиноград ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "18" наурыздағы № А-3/85 қаулысына қосымша |
Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
1. Борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер.
2. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.
3. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген төлемдер.
5. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар.
6. Тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға трансферттер.
7. Банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.