"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылдың 31 желтоқсанынан "Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-18/8-24 Ерейментау аудандық мәслихатының шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8734-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы | М.Әбжіков |
