Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы" бұйрығына, Ақкөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 2 ақпандағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл қаласындағы кәріз және су құбыры желілері мен құрылыстарында техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, оның ішінде тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, атап айтқанда, халықты саны 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын ауыз сумен қамтамасыз ету, Ақкөл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында, оның ішінде Ақкөл қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде Ақкөл қаласындағы өрт депосын қайта жаңартуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары - С.Е. Кенжетай төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Ақкөл ауданының әкімі Б.Әбдірахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады