"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағы 4-6) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының жергілікті манызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланған үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жүсіпов |
| Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 3 қазандағы № 8С-26-6 шешіміне қосымша |
Ақмола облысының жергілікті манызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
№ р/н | Қалалар және елді мекендердің санаты | Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) | ||
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | Монументтік өнер құрылыстары | |
1. | облыстық маңызы бар қалалар* | 0,8 | 0,6 | 1,0 |
2. | аудандық маңызы бар қалалар** | 0,6 | 0,4 | 0,8 |
3. | кенттер*** | 0,4 | 0,4 | 0,6 |
4. | ауылдар**** | 0,2 | 0,2 | 0,4 |
Ескерту:
Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі жалдау ақысының мөлшерлемесін жалдауға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
Жалдау ақысының мөлшерлемесі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады:
облыстық маңызы бар қалалар* - iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер;
аудандық маңызы бар қалалар** - аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер;
кенттер*** - халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
ауылдар**** – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.
