"Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 3 наурыздағы № 8С-26-5 шешімі

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 7-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7.

Орфандық (сирек кездесетін) сырқаттар

Динамикалық бақылаудағы азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауы бойынша

G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді

Динамикалық бақылаудағы ересек пациенттер

Облыстық және одан жоғары деңгейдегі дәрігердің тағайындауы бойынша

Клобазам, таблетка

      ";

      реттік нөмірі 20-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

20.

Балалардағы қысқа ішек синдромы

18 жасқа дейінгі науқастар

Облыстық және одан жоғары деңгейдегі дәрігердің тағайындауы бойынша

Мамандандырылған емдік өнімдер (энтеральді, парентеральді тамақтану) медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолымен толықтырылсын:

      "

24

Помпе ауруы (2 типті гликогенез)

18 жасқа дейінгі науқастар

Сараптама комитетінің қорытындысы бойынша

Алглюкозидаза-альфа

      ".

      2 Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н.Ермек
      2026 жылғы "3" наурыз
      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Шүгірмақова
      2026 жылғы "_3___" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады