БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және оқуды аяқтағаны туралы белгіні бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-қосымшаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін аяқтағаны туралы белгінің негізгі мәнін сипаттайтын белгілер семантикасы.
Мельхиор (күміс) түстес ақ түсті металл ромбик ой тазалығын, даналықты білдіреді.
Ромбик негізіндегі ақ түсті эмаль бейбітшілік пен адалдықты білдіреді.
Мемлекеттік Елтаңба – Қазақстан Республикасының мемлекетіне тиесілік.
Ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді.
"ҰЛТТЫҚ ҚОРҒAНЫС УНИВЕРСИТЕТІ" геральдикалық жазуы бар мельхиордан жасалған қондырма.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
