"Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 199 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифті (бағаны) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 683 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өткізуден түскен ақша өз билігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) тарифте (бағада):

      6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 199 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 683 бұйрығына 6-қосымша

Жасалған шарт шеңберінде тауарды жауапты сақтау бойынша көрсетілетін қызметке тариф (баға)

Р/с

Тауар санаты

Тариф (баға), теңге

Баға белгілеу шарты/ өлшем бірлігі

1

Бағалы тауар

858

бір күнтізбелік күн ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

2

Қауіпті тауар

16

бір күнтізбелік күн ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

3

Тез бұзылатын тауар

2

бір сағат ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

4

Кәдімгі тауар

16

бір күнтізбелік күн ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

5

Ауыр салмақты тауар (1 орын 150 кг астам)

16

бір күнтізбелік күн ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

6

Үлкен габаритті тауар (көлемі екі немесе одан көп еуропаллетті алады)

16

бір күнтізбелік күн ішінде сақталатын тауардың 1 кг үшін

7

Тауарды жабық жылытылатын үй-жайда сақтау*

4000

м2/айына

8

Тауарды жабық жылытылмайтын үй-жайда сақтау *

2400

м2/айына

9

Тауарды жабық жылытылмайтын үй-жайда пандуста сақтау *

2700

м2/айына

10

Тауарды коммуникация бар ашық алаңда сақтау *

900

м2/айына

11

Тауарды коммуникация жоқ ашық алаңда сақтау *

880

м2/айына

12

Жеткізу арбасы мен таразы бойынша көрсетілетін қызмет*

3 000

1 сағат

13

Тұғырықты әкетуге беру*

2 600

дана

      Ескертпе:

      1. "Бағалы тауар" – жоғары құнды электроника; өнер туындысы; сирек кездесетін ресурс (мұнай, сирек кездесетін металл); премиум немесе эксклюзивті бұйым (жоғары құнды).

      2. "Қауіпті тауар" – жарылғыш зат (пиротехника, оқ-дәрі); тез тұтанатын сұйықтық (бензин, еріткіш); улы және уытты химикат; қысыммен жұмыс істейтін газ (пропан, оттегі); радиоактивті материал; биологиялық материал (вирустық дақыл).

      3. "Кәдімгі тауар" – киім, аяқ киім; кеңсе керек-жарағы; тұрмыстық химия (қауіпті деп жіктелмейтін); ойыншық; ыдыс-аяқ; жиһаз (арнайы емес); азық-түлік емес тауардың көпшілігі.

      4. "Тез бұзылатын тауар" – азық-түлік өнімі.

      5. "Ауыр салмақты тауар" – өнеркәсіптік жабдық (станок, басқыш); құрылыс техникасы (бульдозер, экскаватор); металл прокат (болат катушкасы, арқалық); ірі қозғалтқыш пен турбина; генератор, трансформатор; қалау материалының (кірпіш, блок) үлкен партиясы.

      6. "Үлкен габаритті тауар" – жиһаз: шкаф, диван, кереует, үстел; тұрмыстық техника: тоңазытқыш, кір жуғыш машина, үлкен теледидар; құрылыс материалы: ұзын құбыр, гипсокартон табағы, панель; спорттық және өнеркәсіптік жабдық; сантехника: ванна, душ кабинасы.

      7. * кірме теміржолы бар материалдық-техникалық құралдарды сақтау базасы (объектісі) үшін.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 199 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 683 бұйрығына 7-қосымша

Кірме теміржол бойынша көрсетілетін қызмет

Р/с

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Тариф, теңге

1.

Жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жол беру

вагон-км

581

2.

Маневр жасау жұмысы, теміржол рампасында тиеу-түсіру бойынша көрсетілетін қызмет үшін кірме жол беру

вагон-сағат

15 000

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 199 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 683 бұйрығына 8-қосымша

Инфрақұрылымды жөндеу және салу, бұйым өндіру саласындағы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тариф (баға)

Р/с №

Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы

Өлшем
бірлігі

Өлшем бірлігі үшін баға (теңге)

Ғимаратты, автомобиль жолын және жасанды құрылысжай салу, жөндеу, реконструкциялау

1.

Ғимарат, автомобиль жолын және жасанды құрылысжай салу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

2.

Ғимаратты, автомобиль жолын және жасанды құрылысжайды жөндеу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

3.

Ғимаратты, автомобиль жолын және жасанды құрылысжайды реконструкциялау

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

4.

Асфальт төсеушінің жол төсемінің және алаңның асфальт-бетонды қоспасын төсеуі және тегістеуі

1 сағат

27 000

5.

Топырақты, ұсақ тасты, қиыршық тасты, асфальтты катокпен тығыздау

1 сағат

16 000

6.

Конструкцияны монтаждау, құбыр төсеу, әртүрлі тірек қою, материалды, жабдықты кранмен тиеу және түсіру

1 сағат

21 000

Абаттандыру және көгалдандыру

7.

Тротуарды, жаяу жүргіншілер жолын, веложолды, көлік қоятын жерді, балалар және спорт алаңының жабынын жасау және жөндеу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

8.

Шағын сәулеттік нысандар (орындық, қоқыс жәшігін, қалқа қою, күрке, балалар және спорт алаңын, қоршау мен декоративті элементтер жасау)

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

9.

Шам бағанасы мен сәулеттік жарықтандыруды қоса алғанда, көшедегі жарықтандыруды монтаждау және қызмет көрсету

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

10.

Су ағатын кәрiздi және басқа да су бұру жүйесiн жасау

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

11.

Мерекелік декорация орнату, көше атауын, ақпараттық стендіні, мекенжай тақтайшасын орналастыру

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

12.

Ағаш, бұта отырғызу, газон, гүлзар, саябақ пен сквер жасау

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

Қар тазалау және оны шығару, қатты тұрмыстық, сұйық тұрмыстық және құрылыс қалдығын жинау және шығару

13.

Қардан тазалау

1 сағат

20 000

14.

Жолды, әуеайлақты және жолды дөңгелекті жүрістегі шнекороторлық механизммен қардан тазалау

1 сағат

33 000

15.

Қарды шығару

көрсетілетін қызмет

Өңірлік тариф (баға) бойынша*

16.

Қатты тұрмыстық қалдықты шығару

көрсетілетін қызмет

Өңірлік тариф (баға) бойынша*

17.

Сұйық тұрмыстық қалдықты шығару

көрсетілетін қызмет

Өңірлік тариф (баға) бойынша*

18.

Құрылыс қалдығын шығару

көрсетілетін қызмет

Өңірлік тариф (баға) бойынша*

Жер қазу жұмысы және топырақтан үйінді жасау

19.

Экскаватормен траншея қазу (шағын механизм)

1 сағат

12 000

20.

Қазаншұңқыр, траншея қазу, карьер жасау, сусымалы материалды тиеу және түсіру, топырақты қопсыту, экскаватормен үйінді жасау (топырақ үю) (орташа механизм)

1 сағат

13 000

21.

Қазаншұңқыр, траншея қазу, карьер жасау, сусымалы материалды тиеу және түсіру, топырақты қопсыту, экскаватормен үйінді жасау (топырақ үю) (үлкен механизм)

1 сағат

15 000

22.

Сусымалы материалды тиеу және түсіру, топырақты әзірлеу және орнын ауыстыру, тиегішпен (шағын механизм) үйінді жасау (топырақ үю)

1 сағат

13 000

23.

Сусымалы материалды тиеу және түсіру, топырақты дайындау және жеткізу, қазаншұңқыр қазу, тиегішпен үйінді жасау (топырақ үю) (орташа механизм)

1 сағат

15 000

24.

Сусымалы материалды тиеу және түсіру, топырақты дайындау және жеткізу, қазаншұңқыр қазу, тиегішпен (үлкен механизм) үйінді жасау (топырақ үю)

1 сағат

20 000

25.

Топырақты дайындау және жеткізу, алаңды жоспарлау және тегістеу, жол, арна және әртүрлі құрылысжай салу және жөндеу, үйінді жасау (топырақ үю), жерді қалпына келтіру, құбыржол салу, ағаш дайындау жұмысы, бульдозермен авариялық-құтқару іс-шаралары

1 сағат

20 000

26.

Жолдың жер төсемiнiң беткі қабатын дайындау және пішіндеу, еңiс пен үйiндi пішінін жасау, топырақты, қиыршық тасты, шағыл тасты және басқа да сусымалы материалды қопсыту, кiрпiшпен қалау, жеткізу және тегістеу, су ағысын ұйымдастыру үшiн кювет, бүйiрлік жыра мен басқа да шұңқыр жасау, жолды, әуеайлақты және басқа да инфрақұрылымдық объектіні күтіп-ұстау, автогрейдермен (орташа механизм) жолды және алаңды қардан тазалау

1 сағат

18 000

27.

Жолдың жер төсемiнiң беткі қабатын дайындау және пішіндеу, еңiс пен үйiндi пішінін жасау, топырақты, қиыршық тасты, шағыл тасты және басқа да сусымалы материалды қопсыту, кiрпiшпен қалау, жеткізу және тегістеу, су ағысын ұйымдастыру үшiн кювет, бүйiрлік жыра мен басқа да шұңқыр жасау, жолды, әуеайлақты және басқа да инфрақұрылымдық объектіні күтіп-ұстау, автогрейдермен (үлкен механизм) жолды және алаңды қардан тазалау

1 сағат

20 000

Ғимарат пен құрылысжайды бұзу

28.

1 қабатты ғимарат пен құрылысжайды бұзу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

29.

2 қабатты ғимарат пен құрылысжайды бұзу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

30.

3 қабатты ғимарат пен құрылысжайды бұзу

көрсетілетін қызмет

Сметалық есеп бойынша

Бетон бұйым жасау

31.

Борттық тас (бордюр)

дана

1 400

32.

Борттық тас (ернеу тас)

дана

700

33.

Тротуар плитасы (кеспе тас)

м2

2 700

34.

Жол плитасы

дана

220 000

35.

2 метрлік су ағытын науа

дана

17 000

Қиыршық тас (шағыл тас және құмды карьер жасау

36.

0х5 мм фракциядағы шағыл тас

м3

1 200

37.

5х20 мм фракциядағы шағыл тас

м3

2 900

38.

10х20 мм фракциядағы шағыл тас

м3

3 000

39.

20х40 мм фракциядағы шағыл тас

м3

3 000

40.

40х70 мм фракциядағы шағыл тас

м3

2 600

41.

Құрылыс құмы

м3

6 500

Жиһаз жасау

42.

Ағаш төсемі бар металл қаңқадан жасалған табурет

дана

12 600

43.

Екі отырғышы бар 6 орынды ас үстелі

ж-қ

60 300

44.

Сынып үстелі (сабақ үшін)

ж-қ

49 000

45.

Бір тумбалы үстел

дана

82 900

46.

Кереует жанына тумба

дана

31 200

47.

Қағазға арналған тумба

дана

36 900

48.

Киім шкафы

дана

59 900

49.

Кеңсе шкафы

дана

54 200

Металдан жасалған бұйым жасау және монтаждау

50.

Қалқа жасау

м2

Сметалық есеп бойынша

51.

Қақпа жасау

м2

Сметалық есеп бойынша

Терезені, есікті қоса алғанда, пластиктен бұйым жасау және монтаждау, сондай-ақ орнату және қызмет көрсету бойынша қосымша жұмысты орындау

52.

ПВХ-дан терезе жасау

м2

31 500

Металл конструкция жасау және монтаждау

53.

Қаңқасыз ангар, төсемсіз

м2

42 000

54.

Қаңқасыз ангар, төсеммен

м2

48 000

Металл қоршау мен бөгет жасау және монтаждау

55.

Полимерлі жабыны бар 3Д қоршау

м2

3 000

56.

Қалпақшасы бар тіреу, 3 қапсырма, 6 антивандальды бұранда

ж-қ

11 500

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік (автомобиль) логистикасы

57.

Тралда техниканы және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

рейс

80 000

58.

Тралда техниканы және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) жеткізу

км

1 400

59.

20 тоннаға дейін жартылай тіркемемен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

рейс

60 000

60.

20 тоннаға дейін жартылай тіркемемен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) жеткізу

км

1 300

61.

8 тоннаға дейін манипулятормен жүкті және басқа жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

сағат

15 000

62.

8 тоннаға дейін манипулятормен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық)жеткізу

км

1 000

63.

10 тоннаға дейін манипулятормен жүкті және басқа жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

сағат

17 000

64.

10 тоннаға дейін манипулятормен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық)жеткізу

км

1 100

65.

15 тоннаға дейін самосвалмен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

км

24 000

66.

15 тоннаға дейін самосвалмен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) жеткізу

км

1 100

67.

20 тоннаға дейін самосвалмен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекен шегінде жеткізу

км

26 000

68.

20 тоннаға дейін самосвалмен жүкті және басқа да жабдықты (мүлікті) елді мекеннен тыс жерде (қалааралық) жеткізу

км

1 300

69.

Автокранмен тиеу-түсіру жұмысы бойынша көрсетілетін қызмет

1 сағат

20 000

70

Автомұнарада жұмыс көрсету қызметі

1 сағат

15 000

      Ескертпе:

      Қарды, қатты тұрмыстық қалдықты, сұйық тұрмыстық қалдықты, құрылыс қалдығын шығаруға өңірлік тариф (баға) екі есептеу әдісімен белгіленуі мүмкін:

      1. Қызметмен белгіленуі мүмкін: з мен ауданның жергілікті атқарушы органы жасаған шарт бойынша тарифке (бағаға) сәйкес.

      2. ЖЖМ, жабдық пен техниканың амортизациясы, жалақы енгiзiлген нақты шығысқа сәйкес рентабельдiлiгі нақты шығыстың кемiнде 10 %-ы.

      Қарды, қатты тұрмыстық және сұйық қалдықты, құрылыс қалдығын шығаруға түпкілікті тариф (баға) жоғарыда аталған есептеу әдістері арасындағы ең жоғары тариф (баға) негізінде айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 199 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 11 маусымдағы
№ 683 бұйрығына 9-қосымша

Қонақүй ісі саласында өткізілетін қызметке тариф (баға)

Р/с №

Тауар санаты

Өлшем бірлігі

Бір тәуліктегі өлшем бірлігі үшін баға (теңге)

Жарты тәуліктегі өлшем бірлігі үшін баға (теңге)

1.

Екі орынды нөмір беру

бөлме

10 000

7 000

2.

Бір екі кісілік кереуеті бар люкс нөмір беру

бөлме

16 000

11 000

3.

Нөмірде бір адамды қосымша орналастырумен орын беру

орын

7 000

4 000

4.

Жеке заттарды жуу

көрсетілетін қызмет

1 зат 2 000

5.

Жеке заттарды үтіктеу

көрсетілетін қызмет

1 зат 1 500

6.

Таңғы ас

1 тағам

1 900

1 900

7.

Түскі ас

-

мәзір бойынша

мәзір бойынша

8.

Кешкі ас

-

мәзір бойынша

мәзір бойынша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады