Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 6001-26-7-6/120 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса берілген сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті жеке деректердің тізбесін бекіту.

      2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне орындалу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшке енеді.

      Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. Ахметзакиров

  Қосымша
СӘ басшысының бұйрығына
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 6001-26-7-6/120

Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

р/с

Дербес деректердің атауы

1

Тегі

2

Аты

3

Әкесінің аты (бар болса)

4

Тегі, аты, әкесінің аты, өзгерту негіздері

5

Қолы (оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде)

6

Туған күні, айы, жылы

7

Отбасы жағдайы

8

Білімі

9

Ұлты

10

Азаматтық

11

ЖСН

12

БСН

13

Жынысы

14

Туған жері (туу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні, кім берді)

15

Заңды тұлғалардың құру және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер (шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестер, акциялар), оның ішінде басқа заңды тұлғаларда туыстары мен жекжаттары, оның ішінде өткені туралы мәліметтер, заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркелген күні), қызмет түрі, бұрын құрылған жеке меншік субъектілерін тарату негіздері, құқық қорғау және фиксальды органдар тарапынан наразылықтарды болуы туралы мәліметтер)

16

Меншік құқығында да, сенімгерлік басқару құқығында да (автокөлік, жылжымайтын мүлік объектілері, пәтер, үй, гараж, жер, саяжай учаскелері, авторлық құқық объектілері) жеке сәйкестендіру белгілері (меншік немесе иелену құқығының негізі, маркасы, тіркеу орны, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгі, кадастрлық нөмір, орналасқан жері) көрсетілген мүлік (мүліктік жағдай) туралы мәліметтер

17

Тұрғылықты жерінің, тіркелген жерінің немесе орналасқан жерінің мекенжайы

18

Әскери есеп

19

Шетелде болу

20

Сайлауға қатысу

21

Еңбек қызметі туралы мәліметтер

22

Біліктілік (аттестаттау күні)

23

Көтермелеу, марапаттар және жазалар

24

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі, шетелдік паспорт болған кезде құжатты берген орган, паспорттың деректері (нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі, фотосуретпен қоса құжатты берген орган)

25

Тұрғын үй жағдайы

26

Декларацияны тапсыру туралы мәліметтер

27

Қылмыстық жауаптылық

28

Шағымдар

29

Соттың атауы

30

Заңды тұлғаның деректемелері

31

Талап қоюшының атауы

32

Жауапкердің атауы

33

Өкілдің атауы

34

Банк деректемелері

35

Байланыс телефондарының нөмірі (үй, жұмыс, ұялы)

36

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)

37

Ішкі қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер

38

Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер

39

Жалақы туралы мәліметтер (оның ішінде лауазымдық айлықақысы, үстемеақылар, сыйлықақылар, салық және зейнетақы аударымдары туралы деректер)

40

Әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

41

Іссапар шығыстары

42

Судьяның кәсіби қызметін бағалаудың материалдары мен нәтижелері, оның ішінде оның жұмыс сапасының көрсеткіштері

43

Балалар туралы мәліметтер

44

Іссапарларда, сондай-ақ шетелде болу

45

Дара кәсіпкердің қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, тіркелген күні (тіркеу есебінен шығару негіздері)), қызмет түрі

46

Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні және ондағы жазбалар туралы мәліметтер

47

Мемлекеттік наградалар мен ведомстволық үздік белгілері, құрметті, арнаулы және әскери атақтар, сыныптық шендер, көтермелеулер, жазалар туралы мәліметтер (атауы, түрі, күні)

48

Аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер, психологиялық тексеру және заңнаманы білуге тестілеу нәтижелері туралы ақпарат

49

Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңдері; еңбек демалыстары, жүктілік және босану бойынша демалыстар, іссапарлар туралы мәліметтер

50

Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)

51

Білім беру мекемесі туралы мәліметтер, оның ішінде оның атауы және заңды мекенжайы, факультеті немесе бөлімшесі, оны бітіргеннен кейін алған біліктілігі мен мамандығы туралы мәліметтер

52

Ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (берілгені туралы актінің нөмірі мен күні)

53

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілікті арттыру туралы немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және заңды мекенжайы, оны бітіргеннен кейін алған біліктілігі мен мамандығы)

54

Тұлғаға қатысты атқарушылық құжаттардың болуы туралы мәліметтер

55

Әскери бөлімнің атауы, мерзімді қызмет өткеру кезеңі

56

Жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы мәліметтер (атауы, шарт жасалған күні)

57

Қызметтік куәлік туралы мәліметтер (нөмірі және берілген күні, қолданылу мерзімі)

58

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылып отырған адамдарға қатысты мәліметтер

59

Сотталған және ақталған адамдарға, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық істер іс жүргізумен тоқтатылған адамдарға қатысты мәліметтер

60

Азаматтық және әкімшілік істерді талап қоюшылар, жауапкерлер, даудың мәніне дербес талаптар қоятын (мәлімдемейтін) үшінші тұлғалар ретінде қарауға қатысатын (қатысқан) адамдар, істердің қозғалысы, оның ішінде апелляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау өтінішхаттарының келіп түскен күндері, қарар бөлігін көрсетіп шығарылған сот актілері туралы мәліметтер, тараптарға сот актісін тапсыру күні, заңды күшіне ену күні

61

Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар туралы мәліметтер

62

Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестіріліп жатқан адамдар туралы, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдар туралы мәліметтер

63

Хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер

64

Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы, сондай-ақ салынған айыппұлдарды төлеу не жазаны орындау туралы мәліметтер

65

Сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар туралы мәліметтер

66

Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған адамдар туралы мәліметтер

67

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы мәліметтер

68

Террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар, сондай-ақ сот террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдар туралы мәліметтер

69

Экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар, сондай-ақ сот экстремистік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдар туралы мәліметтер

70

Тұлғалардың мүлікті иеліктен шығару бойынша жасаған мәмілелері туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, көлік, заңды тұлғалардағы қатысу үлестері, акциялар және т.б.)

71

Діни тиесілілігі туралы мәліметтер

72

Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде оңалту негіздері бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны немесе теріс себептермен шығарылған адамның ақталғаны мәліметтер

73

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкімшілік шығарып жіберу түрінде салынған әкімшілік жазалардың саны (көрсетілген әкімшілік ықпал ету түрі қолданылған адамдар туралы дербес деректерді міндетті түрде көрсете отырып)

74

Атыс қаруын тіркеген адамдар туралы мәліметтер

75

Жүргізуші куәлігінің болуы туралы мәліметтер (құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, құжатты қолдану мерзімі, құжатты берген орган)

76

Қаруды, оның ішінде жауынгерлік, ойық және тегіс ұңғылы аңшылық, сондай-ақ газ және травматикалық қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат туралы мәліметтер (құжаттың нөмірі, берілген күні, қолдану мерзімі, құжатты берген орган, қарудың нөмірі, моделі)

77

Қоғамға қауіпті аурулар (алкоголизм, уытқұмарлық, нашақорлық, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары) диагнозымен денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар туралы мәліметтер

78

Тілдерді меңгеру туралы мәліметтер (тілді меңгеру деңгейін көрсете отырып)

79

Ата-ана құқықтарынан айырылған, сондай-ақ оларды шектеген адамдар туралы мәліметтер

80

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер

81

Арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер

82

Тұлға қызметінің түрлері туралы мәліметтер, лицензияның нөмірі, берілген күні

83

Адвокаттар, медиаторлар және нотариустар, сот орындаушылары туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сертификаттар, лицензиялар туралы мәліметтер)

84

Ақталған адамдар туралы мәліметтер

85

Рақымшылық жасаған және кешірім жасаған адамдар туралы мәліметтер

86

шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар туралы мәліметтер

87

Сотталған адамдар туралы мәліметтер

88

Хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп танылған адамдар туралы мәліметтер

89

Азаматтың жеке басын визуализациялау үшін фотобейнелеу туралы мәліметтер (портреттік деректер)

90

Қосымша еңбек қызметі туралы мәліметтер

91

Қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамға қатысты соттың өзгертілген немесе күші жойылған шешімдері туралы мәліметтер

92

Мүлікке билік ету құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер

93

Автокөлікті басқару құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер

94

Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшылары болған тұлғалар туралы мәліметтер

95

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жосықсыз өнім берушілер болып табылған тұлғалар туралы мәліметтер

96

Адамның қорғаншысы, қамқоршысы туралы мәліметтер

97

Адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер (қайтыс болу туралы акт, қайтыс болу туралы актіні берген органның нөмірі, күні, атауы)

98

Адамға босқын мәртебесін беру немесе оған саяси баспана беру туралы мәліметтер

99

Жеке тұлғалардың (оның ішінде ДК) салық және өзге де берешегі туралы, сондай-ақ тұлға құрылтайшы және (немесе) басшы болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік бюджет алдындағы берешегінің болуы туралы мәліметтер

100

Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың дербес деректер қамтылған басқа да ақпараттық жүйелері арқылы алынатын адамдар туралы мәліметтер

101

Жынысты ауыстыру туралы мәліметтер

102

Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындамаған адамдар туралы мәліметтер

103

Мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер

104

Қылмыстық жолымен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты тәркіленген мүліктің және терроризмді қаржыландыру сомалары туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомалар туралы мәліметтер

105

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер

106

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер

107

Биометриялық дербес деректер (жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын деректер: бет бейнесі, саусақ іздері және өзге де деректер — болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады