Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 511-1929 бірлескен қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 417/54-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 қазандағы, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 27 наурыздағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласының "Нұра" ауданы бойынша:

      жобалық атауы Е754 көшеге – София көшесі;

      Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын, "Астана Арена" спорт кешені мен "Алау" мұзайдыны сарайының арасында орналасқан атаусыз көшеге Марко Поло көшесі атауы берілсін.

      2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі _______________ Ж. Қасымбек
      Астана қаласы мәслихатының төрағасы ______________Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады