"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 5-тармағының 6-4 - тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 413 "Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициенті (бұдан әрі – коэффициент) 2,68-ге тең болып бекітілсін.
2. Коэффициенттің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
3. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне бес жұмыс күні ішінде жіберуді;
2) осы қаулыны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.К. Өтебаевқа жүктелсін.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |