"Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 шiлдедегi № 508-2312 қаулысы

      Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      2. "Астана қаласының Мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

      2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады