Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауылы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі белгіленсін:
1) ересектерге - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
2) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 40 (қырық) теңге мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірәлиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шыңғырлау аудандық
мәслихатының төрағасы
______________С. Тұрғалиев
2025 жылғы "___"_________