Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығын, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Тасқала ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетікшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | Т. Шакиров |
| Тасқала ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "17" желтоқсандағы № 302 қаулысына қосымша |
Үй жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифтер
№ | Қызмет түрлері | Лауазымы | Бір қызмет алушыға шаққандағы бір күндік қызметтің құны (теңге) |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер | |||
1 | Жеке жоспарлардың орындалуына бақылау жасау (мамандардың жұмысын үйлестіру, қызметтердің жеке жоспарға сәйкес көрсетілуіне мониторинг жүргізу) | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 |
2 | Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету: қызмет алушылардың денсаулық жағдайына байланысты орындауға мүмкіндігі жоқ күнделікті тұрмыстық әрекеттерін жеке күтім және санитарлық-гигиеналық сипаттағы көмек арқылы қамтамасыз ету. Сонымен қатар келесі әрекеттерді орындауға көмек көрсету: төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, дәретханаға бару немесе судноны пайдалану, қозғалуға көмек көрсету, қажетті тұрмыстық құралдарды пайдалану және т.б. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 1009,6 |
3 | Ритуалдық қызметтерді ұйымдастыруда көмек көрсету (қарт адамдар мен мүгедектігі бар тұлғалардың қайтыс болған жақын туыстары (заңды өкілдері) болмаған жағдайда | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 2019,2 |
4 | Қызмет алушылардың отбасы мүшелерін жеке күтім және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйрету | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 1009,6 |
5 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға елді мекен шегінде үйден тыс жерлерге еріп жүру | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
6 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға елді мекен шегінде үйден тыс жерлерге еріп жүру | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
7 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазуға және оқуға көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
8 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық тамақты, азық-түлік және азық-түліктік емес бірінші қажеттілік тауарларын сатып алуға және үйге жеткізуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
9 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ дайындауға көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
10 | Орталықтандырылған жылу және су құбыры жоқ тұрғын үй-жайларда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға пеш жағуға, отын, көмір, су жеткізуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
11 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың киімдерін жуу, химиялық тазалау, жөндеуге тапсыру және оларды қайта жеткізуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 673,0 |
12 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың киімдерін жууға көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
13 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үй-жайды жөндеуден өткізуге және жинасуда жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
14 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер | |||
15 | Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлем түрлерін алуына жәрдемдесу, тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға көмектесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
16 | Қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға күтім жасайтын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша кеңес беру. | Әлеуметтік қызметкер | 168,05 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
17 | Қызмет алушылар саны бойынша есепке алу, статистика жүргізу және есептілік жасау, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 |
Әлеуметтік – мәдени қызметтер | |||
18 | Мерекелер мен бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
19 | Клубтық және үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
20 | Қызмет алушыларды бос уақытты өткізу іс-шараларына мәдени іс-шараларға қатыстыру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
21 | Қызмет алушыларды мәдени іс-шараларға барған кезде ертіп жүру | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер | |||
22 | Заңнамаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарына байланысты мәселелер бойынша құқықтық кеңес беру және көмектесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
23 | Құқықтық маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
24 | Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және қолдауға көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
25 | Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен сенімхат бойынша тиесілі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
26 | Қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне қатысты отбасында жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылық үшін кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
27 | Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды, асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа немесе қорғаншылыққа орналастыруға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 336,53 | ||
28 | Қызмет алушыларды стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге орналастыруға, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
29 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қоса алғанда, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналарға қатысты ұсыныстарды рәсімдеу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
30 | Қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжаттар және құқықтық маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге заң көмегін алуға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
31 | Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінде және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен адвокаттың тегін заң көмегін алуына жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 168,2 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 168,05 | ||
Әлеуметтік-медициналық қызметтер | |||
32 | Профильдік мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлерінің медициналық кеңес беруін ұйымдастыруға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
33 | Дәрігерге дейінгі көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
34 | Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, алу және сатып алу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
35 | Балаларға арналған жеке ИПР (жеке оңалту бағдарламасы) бойынша жеке санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
36 | Ересектерге арналған ИПР (жеке оңалту бағдарламасы) бойынша санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
37 | Қызмет алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды қолдануға үйрету | Әлеуметтік қызметкер | 336,5 |
38 | Дәрігердің тағайындауына байланысты дәрі қабылдау, көзге, мұрынға тамшы тамызу және өзге де процедураларды орындауға көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
39 | Емдік дене шынықтыру жаттығуларын орындауға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
40 | Балаларға, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаждық бақылау жасау | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
41 | Медико-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмектесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | 1008,3 | ||
42 | Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,5 |
43 | ЖОБ (жеке оңалту бағдарламасы) бойынша протездік-ортопедиялық және есту протезі қызметтерін алуға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 504,8 |
44 | Әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жас ерекшеліктеріне бейімделу мәселелері жөнінде кеңес беру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
45 | Дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына ертіп жүру | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
46 | Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуындыру, гигиеналық ванналар) | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
47 | Оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу (оңалту қызметтерін алу кезінде бірге жүру) | Әлеуметтік қызметкер | 2019,2 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер | |||
48 | Балалардың физикалық және зияткерлік мүмкіндіктеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 1009,6 |
49 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алуына жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
50 | Ересектердің кәсіби білім алуына жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
51 | Әлеуметтік дағдылары орта деңгейдегі балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау негіздеріне, қол еңбегі дағдыларына, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін ұстау, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдылары және өмір сүрудің басқа да түрлеріне үйрету | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
52 | Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
53 | Өзін-өзі күту, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзін ұстай білу, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
54 | Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне кеңес беру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
55 | Ата-аналарды немесе отбасы мүшелерін үй жағдайында оңалтудың негіздеріне оқыту | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
56 | Отбасы мүшелерін үй жағдайында балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға оқыту | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтері | |||
57 | Қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға кәсіби бағдар беру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
58 | Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу | Әлеуметтік қызметкер | 336,0 |
59 | Үй жағдайында еңбек қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне консультация беру | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер | |||
60 | Қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, қолдау, көрсету, белсенділікке ынталандыру | Әлеуметтік қызметкер | 673,0 |
61 | Отбасы мүшелеріне қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, жанжалдық жағдаяттардың алдын алу және оларды жою мақсатында психологиялық көмек көрсету | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
62 | Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау) | Әлеуметтік қызметкер | 336,53 |
