Казталов ауданы әкiмiнiң "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 9 шешімі

      Казталов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы әкімінің "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 4, 7, 34, 46-жолдар алынып тасталсын,

      реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:

1
6

№224

Бостандық ауылы, Ақсуат, Исқақ, Қоңырша, Тасоба, Мұханбет, Қайып канал, Қайып - 1, Қайып - 2, Қайып - 3, Қайып – 4, Машдвор, Айтқұл ауылшаруашылығы мекендері.
Қаракөл ауылы, Сабыр, Қосарал, Оңбай, Бекет, Жылти, Жаманқұдық, Ибатшеген, Бесоба, Құрайлы, Қамыстыкөл, Ақкөлмек, Бекіш, Құлшыман, Жаңабаз, Нәсіп ауылшаруашылығы мекендері.

Бостандық ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі №43, ауылдық мәдениет үйі.

      реттік нөмірі 31-жол жаңа редакцияда жазылсын:

2
31

№249

Талдыапан, Бейістерек ауылдары, Үлкенкөл, Талсай, Алмасад -1, Алмасад – 2, Қостанбай ауылшаруашылығы мекендері.
Қайшақұдық ауылы, Қарағай, Жәди-1, Жәди-2, Пашка-1, Пашка-2, Бестентек, Отызкебен, Байбоз-2 ауылшаруашылығы мекендері.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдыапан ауылдық округі, Талдыапан ауылы, Бейбітшілік көшесі №4, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімінің "Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

      реттік нөмірі 40-жол жаңа редакцияда жазылсын:

1
40

№258

Казталов ауылындағы Пангерей Сейфуллин, Ғазиз Лұқманов, Қайырғазы Имашев көшелері, Сексенбаев ауылы, Бек, Сайқұдық, Майтан, Шоқақ, Мышым, Қарасу, Алтыбаз, Нұғман ауылшаруашылығы мекендері.
Бозоба ауылы, Шолақсай, Бозой, Төлеш, Малюкин, Сүндетшеген, Нөкен, Қайран, Жұмағұл, Қуандық, Өтей, Қуан, Долдаш, Байтұрған ауылшаруашылығы мекендері.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі, Казталов ауылы, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі №3, бұрынғы орта мектеп ғимараты.

      реттік нөмірі 44-жол жаңа редакцияда жазылсын:

2
44

№262

Қарасу ауылы, Бостандық ауылы, Ақтай, Сүттігенді, Айдархан қыстағы, Құшығанақ, Тоқсоба, Сарымсақ, Талсай, Бисенғали, Ащықұдық ауылшаруашылығы мекендері.
Ащысай ауылы, Дауылбай, Бестентек, Дәуқара, Шолаққопа ауылшаруашылығы мекендері

Қарасу ауылы, Т.Қалиев көшесі № 19, "Казталов ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қарасу ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Кайрлиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Менеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады