"Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 394 қаулысы

      2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Имашев

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 21 қазандағы
№394 қаулысына қосымша

"Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) әкімнің және жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аппараттың ведомствалары жоқ.

      3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      Аппарат құрылымы:

      - мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімі;

      - мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімі;

      - бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі);

      - ұйымдастыру бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі;

      - құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 ғимараты, индекс 093000.

      10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Аппарат кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Аппараттың мақсаты әкімнің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларды орындауға тапсырмалар беруге;

      2) мемлекеттiк орган басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, олардың орынбасарларының шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындалуына талдау жүргізіп, анықталған заңбұзушылықтарды, олардың орындалмау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;

      4) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;

      5) заңда белгіленген тәртіппен қызметтік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

      6) заңда белгіленген тәртіпте ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін әкімдікпен және әкіммен қаралатын сұрақтарды әзірлеп шешуге тартуға;

      7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдарға, олардың ведомствоға қарасты ұйымдарына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыруға;

      9) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;

      2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;

      3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін мүлтіксіз орындауды ұйымдастыру;

      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, Экономикалық реформа жүргізу бойынша шараларды әзірлеу, оны жүзеге асырудың техникасы мен тетіктерін жетілдіру;

      4) атқарушы биліктің жұмысына жүйелі және объективті талдау жүргізу, аудан әкімінің қатысуымен шешілуге тиісті аса маңызды проблемаларды анықтау;

      5) ауылдық округ әкімдерінің қызметін үйлестіру, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелерді шешуде дербестігін арттыру;

      6) ауданның әлеуметтік - экономикалық даму проблемаларын талдау, саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеу, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      7) аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық, мәдени, діни қозғалыстармен өзара байланысын қамтамасыз ету;

      8) заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде жан-жақты жәрдемдесу, конституциялық құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      9) кадр саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету;

      10) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжатайналымын талдау;

      11) ақпараттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіреді;

      12) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия арқылы терроризмнің зардаптарын жою және (немесе) барынша азайту жөніндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ ауданның терроризмге қарсы комиссиясының құрамына кіретін құқық қорғау органдарының, мекемелер мен ұйымдардың ақпарат алмасуын ұйымдастырады;

      13) өз құзыреті шегінде аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастырады;

      14) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, қажет болған жағдайда аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты дербес бөлімдердің қызметкерлеріне жеке тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және тұрғын үй беру мәселелерін шешеді;

      15) аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының және оның бөлімшелерінің қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      17) аудан әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Аппаратты басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) аппараттың техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге қатысты бұйрықтар шығарады.

      4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      6) ауданның жергілікті атқарушы және өкілетті органдар қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;

      8) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда аппараттың мүддесін білдіреді;

      9) аппараттың құрылымы мен штаттық кестесін, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      10) аудан әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын лауазымды жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аппарат мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Аппараттың бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады