Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға Орал қаласы бойынша уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М. Байменов |
| Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсан № 2998 қаулысына қосымша |
Уақытша болу жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер
№ | Қызмет түрлері | Лауазым | Бір қызметтін құны (теңге) |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер | |||
1 | Киім, аяқ киім, төсек-жабдықтары және жеке гигиена құралдарын ұсыну | Әлеуметтік жұмыс маманы | 947,40 |
2 | Тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (ішкиім мен киімді, төсек-жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) | Киім мен төсек-жабдықтарын жуу машинисі | 192,20 |
3 | Хаттарды жазуға және оқуға жәрдемдесу | Әлеуметтік жұмыс маманы | 947,40 |
4 | Бұрынғы тұрғылықты жеріне қайтуға жәрдем көрсету, оның ішінде жол жүру құжаттарын сатып алу және жолға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету | Әлеуметтік жұмыс маманы | 947,40 |
5 | Қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру | Әлеуметтік жұмыс маманы | 947,40 |
6 | Қызмет алушылардың жағдайын күнделікті аралап бақылау | Әлеуметтік жұмыс маманы | 157,90 |
7 | Қызмет алушылардың туыстарымен байланысты ұйымдастыру және қолдау | Әлеуметтік жұмыс маманы | 315,80 |
8 | Жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, қызметтердің жеке жоспарға сәйкес көрсетілуін мониторингтеу) | Әлеуметтік жұмыс маманы | 157,90 |
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер | |||
9 | Әлеуметтік кодекстің 11, 13, 14-тарауларына сәйкес тағайындалған жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және тиісті төлемдерді алуға жәрдем көрсету, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесу | Заңгер | 981,30 |
10 | Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жеке тұлға (отбасы) ретінде әлеуметтік көмекке, оның ішінде жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша берілетін әлеуметтік көмекке, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгінуге жәрдем көрсету | Заңгер | 981,30 |
11 | Зиян шеккендерге өтемақы төлеу қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы алуға жәрдем көрсету | Заңгер | 981,30 |
12 | Қызмет алушылар саны бойынша есеп, статистика және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу | Әлеуметтік жұмыс маманы | 157,90 |
Әлеуметтік-мәдени қызметтер | |||
13 | Мерекелерді және бос уақытты өткізу іс-шараларын ұйымдастыру | Мәдени ұйымдастырушы | 1 054,40 |
14 | Клубтық және үйірмелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу | Мәдени ұйымдастырушы | 1 054,40 |
15 | Қызмет алушыларды бос уақытты өткізу шараларына және мәдени іс-шараларға қатыстыру | Мәдени ұйымдастырушы | 1 054,40 |
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер | |||
16 | Құқықтық мәні бар құжаттарды рәсімдеуге жәрдем көрсету | Заңгер | 490,65 |
17 | Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін жағдайларда арыздар дайындауға және беруге жәрдем көрсету | Заңгер | 981,30 |
18 | Жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу | Заңгер | 981,30 |
19 | Тұрғылықты жері бойынша тіркеу құжаттарын рәсімдеуге жәрдем көрсету | Заңгер | 490,65 |
20 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтар мен әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында құжаттарды рәсімдеуге құқықтық кеңес беру және көмек көрсету | Заңгер | 981,30 |
21 | Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық ұйымдарға егде жастағы адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды және/немесе он сегіз жастан асқан тұлғаларды орналастыру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету | Заңгер | 981,30 |
22 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді алуға құқықтық көмек және қолдау көрсету | Заңгер | 490,65 |
23 | Адам саудасы фактілерін тергеу, сот өндірісі және сот орындау процестері аясында құқық қорғау және сот органдарымен ынтымақтастық көрсетуге көмек | Заңгер | 1 471,95 |
24 | Азаматтыққа қатысты дипломатиялық және консулдық өкілдіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмек көрсету | Заңгер | 981,30 |
25 | Сыртқы істер, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім салаларының елшіліктері, органдары мен мекемелеріне өтініштерді (өтініш-хаттар, апелляциялар) дайындау және тапсыруға көмек көрсету | Заңгер | 981,30 |
26 | Қызмет алушының мүдделерін білдіру үшін сенімхаттарды рәсімде | Заңгер | 981,30 |
27 | Қызмет алушының ана тіліне құжаттар, нысандар және іс материалдарын аудару | Заңгер | 981,30 |
28 | Медициналық тексерулерде, сотта, мемлекеттік органдар мен мекемелерде мәселелерді шешу кезінде (мүмкін болған жағдайда қызмет алушының жынысына сәйкес) аудармашымен қамтамасыз ету | Заңгер | 981,30 |
29 | Қызмет алушының мүдделерін сот және тергеу органдарында өкілеттікпен білдіру | Заңгер | 981,30 |
Әлеуметтік-медициналық қызметтер | |||
30 | Бастапқы медициналық тексеру және бастапқы санитарлық өңдеу жүргізу | Мейіргер | 2 209,80 |
31 | Медициналық кеңес алуда профильді мамандардан, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан көмек көрсету | Дәрігер | 3 259,80 |
32 | Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету | Мейіргер | 2 209,80 |
33 | Дәрігерлік ұсыныстарға сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды алу және сатып алуға көмек көрсету | Мейіргер | 2 209,80 |
34 | Психиатриялық және психотерапевтік көмек көрсету | Дәрігер | 1 629,90 |
35 | Медико-әлеуметтік сараптаманы жүргізуге жәрдемдесу | Дәрігер | 6 519,60 |
36 | Кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек алу бойынша көмек көрсету | Мейіргер | 2 209,80 |
37 | Емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша, денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес емдік манипуляцияларды жүргізу | Мейіргер | 2 209,80 |
38 | Техникалық көмекші (компенсациялық) құралдармен қамтамасыз етуде, санаторлық-курорттық емдеуге қол жеткізуде, Жеке бағдарламасына (ИПАР) сәйкес жәрдем көрсету | Әлеуметтік жұмыс маманы | 473,70 |
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер | |||
39 | Кәмелетке толмаған балалардың ұйым орналасқан жері бойынша психолого–медико–педагогикалық кеңеске қатысуына жәрдем көрсету | Әлеуметтік жұмыс маманы | 473,70 |
40 | Психолого–медико–педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарды ескере отырып әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды әзірлеу | Әлеуметтік жұмыс маманы | 473,70 |
41 | Кәмелетке толмаған балалардың ұйымдағы уақытша тәулік бойғы немесе ұзақ уақыттық орналасуы кезінде үй жағдайында білім беру процесіне қатысуына жәрдем көрсету | Әлеуметтік жұмыс маманы | 473,70 |
42 | Кәмелетке толмаған балалардың ұйымдағы уақытша тәулік бойғы немесе ұзақ уақыттық тұруы кезінде үй жағдайында білім алу процесіне қатысуына жәрдем көрсету |
Тәрбиеші | 606,72 |
43 | Дамуында кедергілері немесе ауытқулары бар балаларға психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінде, реабилитациялық орталықтарда, ұйымдарда немесе ұйым орналасқан жерде кепілдендірілген көлемдегі түзету-дамыту көмегін алуға жәрдем көрсету |
Тәрбиеші | 606,72 |
44 | Қызмет алушылардың физикалық мүмкіндіктері мен зияттық қабілеттерін ескере отырып білім алуына жәрдем көрсету | Әлеуметтік жұмыс маманы | 320,55 |
Әлеуметтік-еңбек қызметтері | |||
45 | Ересектердің бар еңбек дағдыларын зерделеу бойынша іс-шараларды өткізу | Еңбек терапиясы нұсқаушысы | 833,70 |
46 | Мамандығы бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру | Еңбек терапиясы нұсқаушысы | 833,70 |
47 | Әлеуметтік дағдылары өте төмен деңгейде болған жағдайда тұрмыстық бағдарлау негіздері мен қол өнер дағдыларын, тұрмыста және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және өмірлік іс-әрекет түрлерін үйрету | Еңбек терапиясы нұсқаушысы | 833,70 |
48 | Әлеуметтік дағдылары төмен деңгейде болған жағдайда тұрмыстық бағдарлау және қол еңбек дағдыларын, тұрмыста және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және өмірлік іс-әрекет түрлерін үйрету | Еңбек терапиясы нұсқаушысы | 555,80 |
49 | Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік дағдылары орташа деңгейде болған жағдайда тұрмыстық бағдарлау және қол еңбек дағдыларын, тұрмыста және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және өмірлік іс-әрекет түрлерін үйрету | Еңбек терапиясы нұсқаушысы | 833,70 |
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер | |||
50 | Психологиялық диагностика және тұлғаны зерттеу | Психолог | 767,10 |
51 | Психопрофилактикалық жұмыс | Психолог | 255,70 |
52 | Психологиялық кеңес беру | Психолог | 511.40 |
53 | Шұғыл психологиялық көмек (соның ішінде телефон арқылы) | Психолог | 767,10 |
54 | Қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, жігерлендіру, белсенділікке ынталандыру | Психолог | 255,70 |
55 | Психологиялық тренингтер | Психолог | 127,85 |
56 | Ересектерге психологиялық түзету жұмысы | Психолог | 639,25 |
57 | Өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақтар өткізу | Психолог | 127,85 |
58 | Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау) | Психолог | 127,85 |
