Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 262 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы" қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 50 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты регламентінің 10.3-тармағының екінші абзацындағы "Жобаны келісу аяқталғаннан кейін бөлім басшысы бұрыштама қояды." деген сөздер алынып тасталсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады