Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесідей мазмұндағы 17, 18 және 19-тармақшалармен толықтырылсын:
"17) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру бөлігінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыру;
18) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік саясатты іске асыру, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
19) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру.".
2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Тореғалиев |