Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және
пайдалану жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Батыс Қазақстан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
қаулысына 1-қосымша | |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 қаулысына 1-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі, оның учаскелері | Орналасқан жері (елді мекен) | Шекарасының ұзындығы (километр) | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||
Ауданы (гектар) | Ені (метр) | Ауданы (гектар) | Ені (метр) | ||||
"Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
1 | Шалқар көлі | Теректі ауданының Сарыөмір ауылы | 57 | 5844 | 500 | 2990 | 50-50 |
"Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
2 | Жайық өзені | мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін | 872,74 | 36819,997 | 500-2000 | 6154,3767 | 35-55 |
Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
3 | Шаған өзені | мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін | 91,05 | 8502,53 | 500-600 | 1202,51 | 35-100 |
Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
4 | Деркөл өзені | Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін | 206,131 | 18526,77 | 500-550 | 2303,76 | 35 |
Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
5 | Үлкен Өзен өзені | мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін | 273,8 | 30365,497 | 500-600 | 7373,6212 | 35-42 |
Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
6 | Айдархан су қоймасы | Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені | 22,921 | 3060,6036 | 500 | 1926,9386 | 35 |
Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
7 | Сарышығанақ су қоймасы | Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені | 16,739 | 2875,20 | 500 | 1998,5042 | 35 |
Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
8 | Кіші Өзен өзені | мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін | 407,3 | 40008,02 | 500-600 | 7978,4837 | 35-100 |
Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
9 | Утва өзені | Шыңғырлау және Бөрлі аудандары | 312 | 33745,048 | 500 | 4330,8456 | 35-42 |
Желаев карьерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
10 | Желаев карьері (кадастрлық нөмірі 08-118-115-821, 08-118-115-082, 08-118-115-859, 08-118-951-030, 08-118-955-415, 08-118-952-066) | Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі | Су айдынның шығыс жағалауы № 1 - 1,002; Су айдынның батыс жағалауы № 2 – 0,432 | 36,75 | 300 | 11,99 | 35 |
Қарашығанақ кен орнындағы су нысандарынның су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
11 | Березовка өзені | Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев, Успенов ауылдық округтары | 21,7 | 1493,0591 | 500 | 164,5591 | 35 |
12 | Куншубай жырасы | Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев ауылдық округтары | 13,9 | 793,8597 | 500 | 82,1446 | 35 |
13 | Калминкова жырасы | Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі | 9,64 | 488,0690 | 500 | 50,0934 | 35 |
14 | Безымянная жырасы | Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі | 4,6 | 165,3114 | 500 | 31,8349 | 35 |
Барбастау өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
15 | Барбастау өзені | Теректі ауданы | 113 | 11003,93 | 500 | 955,11 | 35-40 |
Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
16 | Елек өзені | Шыңғырлау және Бөрлі аудандары | 203,429 | 7865,46 | 500 | 656,06 | 35-40 |
Киров су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
17 | Киров су қоймасы | Ақжайық ауданы және Бәйтерек ауданы | 37,111 | 1461,77 | 500 | 116,11 | 35 |
Көшім өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
18 | Көшім өзені | Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала аудандары | 415 | 30682,67 | 500 | 2324,0 | 35-40 |
Солянка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
19 | Солянка өзені | Теректі және Ақжайық аудандары | 56,5 | 7662,80 | 500 | 724,76 | 35-38 |
Ядовитое көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||
20 | Ядовитое көлі | Орал қаласы мен Теректі ауданы | 9,156 | 331,61 | 500 | 70,24 | 35 |
Бағырлай жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
21 | Бағырлай жырасы | Ақжайық ауданы | 158 | 15580,4 | 500 | 1357,07 | 35-41 |
Қарасу жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
22 | Қарасу жырасы | Казталов ауданы | 11,43 | 1167,8 | 500 | 83,28 | 35 |
Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
23 | Ембулатовка өзені | Бәйтерек ауданы | 70,249 | 5374,24 | 500 | 548,26 | 35-40 |
Өлеңті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
24 | Өлеңті өзені | Сырым және Ақжайық аудандары | 239,7 | 21427,08 | 500 | 2056,897 | 35-40 |
Қалдығайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
25 | Қалдығайты өзені | Қаратөбе және Шыңғырлау аудандары | 278 | 23467,07 | 500 | 1998,12 | 35-40 |
Шаған арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
26 | Шаған арнасы | Орал қаласы және Бәйтерек ауданы | 50,7 | 4760,35 | 500 | 404,47 | 35-50 |
Қараоба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
27 | Қараоба өзені | Теректі және Бөрлі аудандары | 75,639 | 6884,36 | 500 | 1539,97 | 100 |
Балықты Сакрыл су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
28 | Балықты Сакрыл су қоймасы | Казталов ауданы | 22,092 | 1144,57 | 500 | 221,09 | 100 |
Бітік су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
29 | Бітік су қоймасы | Ақжайық ауданы | 12,524 | 674,28 | 500-550 | 127,09 | 100 |
Дөңгелек су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
30 | Дөңгелек су қоймасы | Ақжайық ауданы | 30,146 | 1336,77 | 500-550 | 277,014 | 100 |
Грачи 1 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
31 | Грачи 1 өзені | Ақжайық ауданы | 57,708 | 5880,81 | 500 | 1114,18 | 100 |
Грачи 2 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
32 | Грачи 2 өзені | Ақжайық ауданы | 58 | 5743,49 | 500 | 1174,17 | 100 |
Ащыөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
33 | Ащыөзек өзені | Жәнібек және Казталов аудандары | 281 | 21896,64 | 500 | 1958,46 | 35 |
Шолақаңкаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
34 | Шолақаңкаты өзені | Сырым және Теректі аудандары | 79 | 7578,83 | 500 | 1048,55 | 35-100 |
Рубежка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
35 | Рубежка өзені | Бәйтерек ауданы | 65 | 4381,7249 | 500 | 686,173 | 35-100 |
Быковка өзенінің (Кіші Быковка саласымен бірге) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
36 | Кіші Быковка өзені | Бәйтерек ауданы | 76,276 | 6983,40 | 500 | 1605,51 | 35 |
Вильная жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
37 | Вильная жырасы | Бәйтерек ауданы | 20,263 | 2318,5 | 500 | 455,111 | 35 |
Крутая өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
38 | Крутая өзені | Бәйтерек ауданы | 57,941 | 4756,0 | 500 | 645,80 | 35 |
Кіші Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
39 | Кіші Ембулатовка өзені | Бәйтерек ауданы | 37,936 | 3300,6 | 500 | 782,8 | 35 |
Ұзын Аңқаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
40 | Ұзын Аңқаты өзені | Сырым және Теректі аудандары | 48,6 | 4518,4313 | 500 | 628,0073 | 35-75 |
Бұлдырты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
41 | Бұлдырты өзені | Шыңғырлау, Сырым және Қараөтөбе районы | 191,5 | 14365,1544 | 500 | 2001,5279 | 35-100 |
Ащы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
42 | Ащы өзені | Шыңғырлау ауданы | 93 | 8478,70 | 500 | 965,7514 | 35-75 |
Есен Аңқаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
43 | Есен Аңқаты өзені | Сырым және Теректі аудандары | 129 | 9993,3538 | 500 | 1373,6436 | 35-100 |
Таловая өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
44 | Таловая өзені | Бәйтерек ауданы | 59,06 | 1807,8906 | 500 | 293,588 | 35-75 |
Чижа-1 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
45 | Чижа-1 өзені | Тасқала ауданы | 75 | 6172,9807 | 266-500 | 769,6052 | 35-100 |
Чижа-2 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
46 | Чижа-2 өзені | Тасқала ауданы | 91 | 6033,5642 | 244-500 | 693,2629 | 35-100 |
Шідерті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
47 | Шідерті өзені | Сырым ауданы | 122 | 10650,4457 | 500 | 1241,0548 | 35-100 |
Жақсыбай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша | |||||||
48 | Жақсыбай өзені | Қаратөбе ауданы | 88 | 4702,70 | 500 | 566,9471 | 35-100 |
қаулысына 2-қосымша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына 2-қосымша |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар кірмейді:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіру.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
4. Орналастырылуы Су Кодексінің 86 бабының ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.