Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Марқакөл ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күненен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы | М. Калелов |
| Марқакөл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 23/11-VIII шешіміне қосымша |
Марқакөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы | 1 тұрғын | 2,70 |
жайлыемес | 2,70 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,70 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,48 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,57 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 3,06 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,03 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,25 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,55 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратынорын | 1,48 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратынорын | 0,18 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,76 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,97 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,92 |
15 | Машиналардан сату | cаудаорнының 1 м2 | 5,48 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | саудаалаңы 1 м2 | 0,77 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 2,77 |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,14 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,81 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көшесыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | 6,64 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,97 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 18,69 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 16,9 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,95 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 4,22 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,09 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпыалаңы 1 м2 | 0,97 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмысорны | 2,16 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпыалаңы 1 м2 | 0,7 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 3,48 |
31 | Бау-бақшакооперативтері | 1 учаске | 2,53 |
