Марқакөл ауданы бойынша (Марқакөл ауылы) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты 2025 жылғы 5 маусымдағы № 23/10-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Марқакөл ауданы (Марқакөл ауылы) бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М. Калелов

  Марқакөл ауданы мәслихатының
2025 жылғы "5" маусымдағы
№ 23/10 - VIII шешіміне
қосымша

Марқакөл ауданы бойынша (Марқакөл ауылы) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    №

Атауы

Есеп бірлігі

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз)

Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-пен)

1

Марқакөл ауылы

1

Абаттандырылған үй иелері

тұрғын / ай

382,14

428

2

Абаттандырылмаған үй иелері

тұрғын / ай

382,14

428

3

Бірлікке жылдық тариф (көлемі)

1 м3

1696,43

1900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады