Үлкен Нарын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 12/140-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үлкен Нарын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үлкен Нарын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Сыдыкова

  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 12/140-VIII шешіміне
қосымша

Үлкен Нарын ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

Теңге (Қосылған құн салығымен)

Жайлы үйлер

1 түрғын айына

390,80

437,70

Жайлы емес үйлер

400,51

448,57

Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2912,80

3 262,34


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады